Қазақстандық ерлер арасында белсіздік белең алды

Қазақстандық ерлер арасында белсіздік белең алды

Елімізде ерлер арасында белсіздік белең алуда. Мұны дәрігерлер айтып, дабыл қағуда. 1 күнде бедеулікке ұшыраған 10 азаматты қабылдаймыз дейді. Айтуларынша, ерлер арасындағы белсіздік бұрын-соңды мұндай көп болмаған. Ал, әлеуметтанушы осының кесірінен талай шаңырақтың шайқалып жатқанын айтады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Уролог-андролог дәрігердің айтуынша, ер азаматтар өз кінәсін мойындамайды, мамандарға көрінуге намыстанады, сондықтан дер кезінде ем қабылдамайды. Ал оның соңы мүлдем ұрпақсыз қалуға әкеледі дейді.  Бұрын бедеуліктің ең ауыр түрі азоспермия диагнозымен айына тек 1 пациент келсе,  қазір айына кем дегенде 25-26 пациентті қабылдайтынын айтады.  

“Бізде ер жігіттер бірінші бармайды ешқашан. Бізде бірінші әйелі тексеріледі бірінші, 2 рет, 3 рет, енді кейбір кезде болады әйелі бірінші рет барып, бәрі жақсы деп айтқаннан кейін күйеуі тексеріліп жатқандар бар. Оларды уақытылы емдеп, қайтадан еркекті өзінің бала көтерту қабілетіне жеткізсе болады”, – дейді андролог дәрігер Ернұр Айнаев.

Көп жағдайда адамдар баланың болмауына  әйелді кінәлайтын көрінеді. Бірақ маман мұнымен келіспейді. Айтуынша, оның орта жастағы пациенті жылдар бойы балалы бола алмаған.  Сол себепті 3 рет ажырасып, 3 рет қайта үйленген.  Ақырында, кінә өзінен екені  анықталыпты.

“Көтермей жатқан кезде ойланған. Может менде шығар проблема, 3 әйел алдым, үшеуі де көтерген жоқ. Содан кейін тексерілуге келіп отыр. Ол жігіттің жетесіне жету үшін ол 2 әйелді жіберіп отыр. Қандай өкінішті нәрсе. Мен үнемі айтамын, еркекті тексеру өте оңай, өте арзан. Әйелге қарағанда”, – дейді уролог, андролог дәрігер Ернұр Айнаев.

Әлеуметтанушы Салтанат Оразбекованың саралауынша, ер кісілердің бұл жағдайға қол сілтей салуы қоғамдағы қысымның, тым намысшыл болудың салдарынан екен.  Соның кесірінен ажырасу көп дейді.   Статистикаға  сүйенсек, биыл 48 мыңнан астам отбасы ажырасқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайыз көп.


“Жас ерекшеліктері бойынша айтатын болсақ, ер адамдарда ең көп ажырасу жасы 34-39 жасты құрайды. Ал, әйел адамдарда 25-34 жасты құрайды”, – дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызы.

“Баланың жоқтығынан ажырасу проценті өте жоғары. Қоғамдағы давление дейміз ғой. Қоғамдық әсер өте жоғары. Ер адам бедеу болса, ұрпағы жоқ деген сияқты. Яғни, намысына тиеді”, – дейді әлеуметтанушы.

Мамандар ерлер арасында бедеуліктің белең алуы-жастардың сыраға құмарлығынан және жыныстық қатынаста жұқтырған түрлі инфекция салдарынан дейді. Сол себепті,  мектептерде жыныстық сауаттылықты үйрететін арнайы  пән болғаны жөн деп санайды.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста