Қазақстандық қыз Иорданияда басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді
Ақтөбе облысының тұрғыны Ақмарал Имашева Иорданиядағы келеңсіз жағдай жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".
Қазақстандық қызды елге кіре салысымен басқа шетелік қыздармен бірге әуежайдың полиция бөлімшесіне жеткізген.
Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны эскорт қызмет көрсететін қызбен шатастырып, елге кіргізбеген. Бірақ Ақмарал Имашева Иорданияға жұмыс істеуге барған.
"Амман әуежайында (Иордания астанасы) мені полиция учаскесінің бөлмесіне кіргізді. Ешкім ештеңе түсірген жоқ, полиция қызметкерлері мен әуежайдайғылар ағылшынша нашар сөйлейді. Олар телефон мен паспортымды тапсырду талап етті. Жыладым, айғайладым, бірақ ешкім назар аудармады, оларға бәрібір болды", - дейді Ақмарал.
Ол бөлмеде ақтөбелік қыздан бөлек Украина, Ресей және тағы басқа елдердің қыздары болған. Аумағы 20 шаршы метр болатын бөлмеде 16 қыз болған. Олар Ақмаралға Иорданияда адамдардың шетелдіктерге аса жақтыра бермейтінін айтқан. Бірақ олардың барлығы елге кіре алмауының нақты себебін білмеген.
"Бөлменің терезесі де жоқ, салқындатқыш қосылып тұрды. Жаурап кетсең кір-кір көрпелерді жамылуға тура келді. Қатты жиіркендім, оларды жамылған да жоқпын. Ұйықтар алдында полицей әйел біз жыртылған матрастарды лақтырып, "Sleep now!" деп айғайлайтын. Ал жарық таң атқанша жанып тұратын. Таңға қарай бір әйел бөлмемізге кіріп, сөмкелерімізді ақтаратын", - деп еске алды ақтөбелік қыз.
Ал келесі күні Ақмарал Қазақстан консулдарымен сөйлесті. Олар оған Иорданияға келген қыздарды себепсізден елге кіргізбей жатқанын айтып түсіндірген.
Айтуынша, олар шетелдік қыздарды жезөкшелер ретінде санаған. Осылайша Ақмарал Астанаға Шарджа арқылы ұшып келмекші болған.
"Шарджаға келгенде тағы біраз жағдайлар болды. Мені әуежайға сотталушы сияқты жеткізді. Стюардессалар паспортымды әуежай қызметкерлеріне берді. Сосын Астанаға келесі рейстің 3 күннен кейін ғана екені анықталды", - дейді Ақмарал.
Бірақ олар ақтөбелік қызға паспортын қайтармаған. Ол 8 сағат бойы Шарджа әуежайында WI-FI іздеген.
"WI-FI-ға қосылу үшін дәмханадан 30 дирхамға бірдеңе алу керек. Бұл шамамен 2 700 теңге. Бірақ екі сағаттан кейін WI-FI паролін қайта сұрады. Содан қайтадан 2 700 теңге төлеу керек болды. Телефонымның қуаты біткен кезде розетка іздеуге тура келді. Сосын маған сәйкес келетін ток көзін табылмағандықтан, жалғастырғыш тетік сатып алу керек болды", - дейді ақтөбелік Ақмарал.
Дегенмен Ақмарал Әмірліктегі Қазақстан консулымен байланысқа шығып, одан 2018 жылдың 10 наурызынан бастап қазақстандықтардың БАӘ-де 30 күнге визасыз тоқтай алатынын растайтын құжатты алған. Нәтижесінде ол әуежайдан шыға алған.
"Бірінші күні-ақ маған Дубайдан жұмыс ұсынды. Онда орыс тілін білетін қызметкер керек болды. Сол күннен бастап қонақүйде агент болып жұмыс істеймін, адамдарды Әмірліктерде жұмысқа тұрғызумен айналысамын", - деді Ақмарал Имашева.