Қазақстандықтардың жартысы "қыз алып қашуды" қылмыс деп санамайды - зерттеу
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерделеу орталығында сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қазақстандықтар саны артқаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық басшысы Ольга Николаеваның айтуынша, әйелдер ерлерге қарағанда 10 есе жиі харассментке ұшырайды.
"Азаматтардың 5 пайызға жуығы, ер адамдар да, әйелдер де қудалау проблемасымен бетпе-бет келеді. Заңнамалық деңгейде бұл проблемаға қарсы тұрудың нақты құралдары жоқ, халықтың репродуктив денсаулығын қамтамасыз ету саласында келесі мәселелер байқалады: кәсіби кадрлардың, әсіресе акушер-гинекологтардың, уролог-андрологтардың, медициналық көмек сапасының жетіспеушілігі, әсіресе ауылдық жерлерде, нәрестелер мен ана өлімінің артуы", - деді маман ОҚК өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол азаматтардың 5 пайыздан астамы физикалық зорлық-зомбылық қаупіне тап болатынын айтты. Оның айтуынша, ер адамдар бұл қауіпке негізінен көшеде, ал әйелдер қоғамдық орындар мен үйлерде ұшырайды.
Қазақстандықтардың төрттен бірі әйелдерді күштеп ұрлаумен келіседі - зерттеу.
Қазақстандықтардың жартысы ұрланған қалыңдық полицияға хабарласпауы керек деп санайды.
"Сонымен қатар, қазақстандықтардың үштен бірі кейінгі екі жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудегі жағдай жақсарғанын айтады. Бұл ішінара мемлекеттік органдардың қызметімен де байланысты. Респонденттердің төрттен бір бөлігі дерлік – 23,6 пайызы әйелдерді күштеп ұрлауды бейтарап немесе оң бағалайды", - деді ол.
Зерттеу деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысы ғана, яғни 54 пайызы қызды оның келісімінсіз ұрлап кеткен болса, онда ол қыз құқық қорғау органдарына жүгіну керек деп есептейді. Бұл ретте респонденттердің 11,7 пайызы ұрланған қыздың қалып, тұрмысқа шығуы керек деп есептесе, қазақстандықтардың 18,4 пайызы құқық қорғау органдарына арызданбау керек деп есептейді.
"Жанама түрде жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілік Еңбек кодексі, Қылмыстық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарында қарастырылған, бірақ бұл ретте әр бапта бұл құқық бұзушылыққа өзіндік анықтама берілген", - деп түйіндеді ол.