Қазақстанға қазақша логопедті кім дайындап береді?

Қазақстанға қазақша логопедті кім дайындап береді?

Облыс көлемінде мемлекеттік тілде жұмыс істейтін логопед-дефектолог мамандарының жоқтығынан, тілі мүкіс қазақ балалары жат тілде білім алуға мәжбүр. Айталық, аймақта жалпы 88 логопункт болса, бүгінгі таңда оларда қазақша оқытылып жатқандарының саны саусақпен санарлық. Басты проблема – мамандар тапшылығы.

– Жасыратын түгі жоқ, біздегі дефектология, логопедия, сурдология, тифло және олигофренді педагогика бағдарламалары мен оқыту әдістемелері тегіс орыс тілінде. Оның өзіндік себептері де бар, біріншіден, бағдарламалар мен қажетті оқулықтар, журналдар Ресейден әкелінеді. Қазақстанда әлі шығарылмайды. Азды-көпті әзірленетін мамандар да ресми тілде әзірленеді. Тек соңғы жылдары мамандарымыз салыстырмалы түрде өз әдістемелерін жасап бағуда. Шыны керек, шаруа мардымсыз. Өйткені аталмыш педагогтардың біліктілігін жетілдіріп, кәсіби мәртебесін көтеріп, олардың әлеуметтік қызығушылығын оятуға еш жағдай қарастырылмаған. Қандай жас маман болмашы жалақымен қиын балаларға сабақ беруге келіседі, оны өзіңіз де жақсы түсінесіз. Тіпті дәл қазіргі таңда біздің мамандарымыз «қартайып», көпшілігі зейнеткерлік жасқа жетті.

Тіпті дәл қазіргі таңда біздің мамандарымыз «қартайып», көпшілігі зейнеткерлік жасқа жетті. Орнын басар ізбасарлары жоқ, болса да, ілуде біреу. Өңірде тифлопедагог мүлде жоқ. Барлық әлеуметтік педагогтар толық болмайынша, «бізде мүмкіндігі шектеулі балалар лайықты білім алып жатыр» деп жар салудың өзі ұят-ақ. Бұл мәселені министрліктің алдын сан мәрте көтердік, әзірге тығырықтан шығар тетік табылмай отыр, – дейді Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының бас маманы Станислава Щегельская.

Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары берген дерекке жүгінсек, өңірде 18 жасқа дейінгі 226 458 баланың 13 165-інің мүмкіндігі шектеулі. Яғни түрлі сырқат пен дертке шалдыққан әрбір он жетінші баланың өзге қатарластарымен емін-еркін күліп-ойнап, басқалармен бірге білім алуына тағдыр о бастан-ақ қатаң үкім кесіп қойған. Ең өкініштісі, олардың қатары кемімей, керісінше, жыл санап өсіп бара жатқаны. Бұл мәселе ата-аналармен қатар, аймақтағы дәрігерлер мен педагогтарды да қатты алаңдатып отыр.

Жақында Астанада осы төңіректе ой бөлісіп, пікір алмасқан халықаралық конференцияға қатысушылар түрлі экологиялық және техногендік апаттар, иммундық азу залалдарынан зардап шеккен дімкәс жандардың қатары көбейіп қана емес, диагноздардың кей түрі тіпті ырық бермей, дамыған медицинаның өзін кісенсіз тұсап отырғанын айтты.

Қолға түскен ресми деректерге жүгінсек, кей аймақтарда мүгедек балалармен жұмыс «жақсы жүріп жатыр» деген көрсеткішке жету үшін олардың санын мыңдап қысқарту тіркелген. Айталық, Білім және ғылым министрлігі таратқан 2007-2008 жылдардағы мүгедек балалар барысындағы тізімде Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың 12 ай ішінде 5320-ға, Шығыс Қазақстанда 4163-ке, ал Алматы облысында 3312 балаға кеміген. Әрине, қоғамнан қалыс қалып жатқандардың қатары азайғаны жақсы-ақ, бірақ олардың бір жылда күрт азайып кетуі – санаға сыймайтын құбылыс. Сонда бұл облыс имиджін көтеру үшін жасалған әрекет пе, әлде «жауырды жаба тоқу ма?»

Кеміс болса да, әр бала –  Қазақстанның азаматы, демек, оның ортамыздан осылайша «жоғалуына» жол беруге әсте болмайды.

Ал логопед-дефектолог мамандарының жоқтығынан тілі мүкіс қазақ балалары жат тілде білім алуына жаны ауыратын жан жоғарғы жақтан табылар ма екен? Бұл мәселе Есіл бойындағы депутаттардың назарына шалынса, қанеки...

Станислава ЩЕГЕЛЬСКАЯ, Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының бас маманы:
– Статистика сұмдық, айталық, 2005 жылы облыс бойынша 9893 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелсе, бес жылдың ішінде олардың қатары 13 165-ке жеткен. Демек,  жыл сайын шамамен 625 мүмкіндігі шектеулі бала жаңадан тіркеледі деген сөз. Дерт дендеген балалардың 12 652-сі түрлі арнайы мектептердің түзеу кластарында білім алса, 513 бала мүлде оқытылмайды. Ал 2893 бала көзі көрмеу, құлағы естімеу, тілі шықпау сияқты ауруларына орай интегривті бағдарламамен оқытылуда. Алайда дефектолог, логопед, сурдолог, тифло және олигофренді педагогтардың жетіспеуіне, тіпті кейбірінің мүлде жоқтығына орай сырқат балалар толықтай лайықты білім алып жатыр деп айту артық. Біздікі – қолда бар мамандарымызды тарту арқылы «шықпа, жаным, шықпаның» кебін киген шарасыздық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста