Қазақстанға су сапасын бақылайтын жаңа технологиялар қажет

Қазақстанға су сапасын бақылайтын жаңа технологиялар қажет

Тіршіліктің басты қайнары су. Оның таза әрі құрамының сапалы болуы адам баласының өмірі, жалпы жер бетіндегі тіршілік үшін маңызды. Қазір су мәселесі халықаралық мамандарды ерекше алаңдатып отыр. Оған себеп те аз емес. Мұхиттардағы тіршілік иелері соңғы он жылда 22 пайызға кеміген. Себебі судың сапасы нашарлаған. Әлем жұртшылығы судың сапасымен тазалығына мән бермесе алдағы жүз жылда балықтар мен су құстары мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Осыны ойлаған «Жабайы табиғат қоры» мұхиттар мен теңіздерді сақтаудың арнайы бағдарламасын жасауда. 

Бүгінде 263 өзен-көл 145 мемлекетке ортақ боп отыр. Бірақ дүниежүзі бойынша судың сапасы мен су қорының жағдайыкөңіл көншітерлік емес. Әлем бойынша адам өліміне соғыс, қақтығыс, төтенше жағдайлардан бұрын көбінесе осы сапасыз су себепкер болуда. Ауыз су тапшылығынан жер бетінде әрбір 20 секунд сайын сәби шетінейді екен. Ал дүниеден ерте кеткендердің 1,5 миллионы осы сапасыз судың кесірінен көз жұмғандар. Судан уланғандардың саны 500 миллионнан асады. Бүгінде дүниежүзі бойынша 43 мемлекеттегі 700 миллионнан астам адам ауыз суға зәру. «Бұл мәселе 2025 жылға дейін 3 милиард адамға жетуі мүмкін» дейді мамандар. Көптеген елдерде тұщы су өндірістен шығатын қалдықтардың әсерінен ластанып, су тапшылығына әкелді. Су жетіспеушілігі себебінен трасншекаралық су көздеріне талас та күшейе түсуі мүмкін.
Қазақстанда Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендері трансшекаралық саналады. Соңғы жылдары бұл өзендердің экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Қазақстан «Трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау туралы конвенцияны» 2000 жылдың 23 қазанында ратификациялады. Алайда,көрші Қытай, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз республикалары бұл құжатқа қатыспағандықтан трансшекаралық су көздері мәселесін бірлесе шешуде көптеген кедерілер туындауда.
Халықаралық мамандардың су тапшылығымен күрескеніне бір ғасырға жуық уақыт болды. Соңғы 60 жылда суға қатысты 300 халықаралық келісімге қол қойылған. Осы мерзім ішінде дүниежүзі мемлекеттері арасында су үшін 37 қақтығыс болыпты.БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун 2012 жылы 22 наурызда «Дүниежүзілік су ресурстары күніне» орай жасаған жолдауында «Алдағы онжылдықта саны күннен күнге өсіп бара жатқан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін тағам өндірісін арттыру қажет. Ал бұл ең маңызды ресурс — суды дұрыспайдалануды қамтамасыз ету дегенді білдіреді» деген еді.
Бүгінгі таңда суды ең көп пайдаланатын сала ауыл шаруашылығы. Бұл салада суды тиімді пайдаланбау салдарынан су тапшылығы орын алса жер бетінде құрғақшылық пен азық-түлік тапшылығы арта бермек. Мәселен, соңғы жиырма жылда адамзаттың етке деген сұранысы үш есеге артқан. Биоотынға деген сұраныс та жылдан жылға өсіп барады. Кейінгі жеті жылда этанолға деген қажеттілік үш есеге көбейіпті. 2017 жылы бұл көрсеткіш 127 миллион литрға жетпек. АҚШ-та бір жылда этанол өндіруге жүгерінің 23 пайызы жұмсалса, Еуроодаққа кіретін елдерде өсімдік майының 47 пайызы биоотын өндірісіне кетеді екен. Ал бір литр этанол өндіруге 1000-4000 литр су қажет. Сондай-ақ электр энергиясына деген сұраныс артқан сайын суға деген қажеттілік өсуде. 2030 жылы бұл саладағы суға сұраныс 55 пайызға артады деп болжануда. 2030 жылға дейін әлемдегі гидроэлектрэнергиясының өндірісі 1,7 пайызға жетеді.
Әлемдегі көптеген елдерде су тапшылығы айқын сезілуде, соның салдарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі төмендеп барады. Жиі айтылып жүрген климаттың өзгеруі мәселесінің тууына себеп боп отырған фактордың бірі ретінде осы су тапшылығын атауға болады. Қазір әлем бойынша 1 миллиардқа жуық адам аштық күйін кешуде. Ал 800 миллион жанға тұщы су жетпейді.
Су мәселесі текұлттық емес жаһандық мәселе екенін осыдан-ақ пайымдауға болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен сумен ұдайы қамтамасыз ету үшін экономиканың барлық салалары атсалысуы керек. Экожүйеге қатысты су технологияларын пайдалану қажет. Су шаруашылығына инвестиция салу мәселесін шет ел мамандары жиі айта бастады. Ауылдық аймақтарды сапалы сумен қамтамасыз етпейінше, су ресурстарын тиімді пайдаланбайынша, бұл мәселеніңшешімі табылмайды. Рио-де–Жанейрода өткен Тұрақты даму жөніндегі конференцияда БҰҰ-ныңбасхатшысы Пан Ги Мун адамзат барынша ұмтылып жатқан жарқын болашақта су ресурстары басты рөл ойнайтынын атап айтты.
Алайда суға деген зәрулік күннен күнге өсіп барады. Оған халық саныныңкөбеюі, көші-қон, азық-түлікке деген сұраныстың өсуі, энергия көздерінедеген сұраныстың артуы,т.б. мәселелер себеп болуда. Бұл жөнінде үш жыл бұрын Стамбұл қаласында өткен Дүниежүзілік су форумында айтылды. Тұщы суды тиімді пайдалану, су тапшылығын жою мәселелері жыл сайын халықаралық деңгейдегі жиындарда талқылануда. Осы тақырыпқа арналған БҰҰ-ның соңғы жиынында «Өзгермелі әлемдегі су мәселесі» деп аталатын баяндамасында су ресурстарын басқару қазіргі таңда өте өзекті боп отырғаны туралы сөз болған еді. Су мәселесін саяси деңгейде шешу үшін бірқатар елдер суды тиімді пайдалану жөніндегі арнайы заңды да қабылдады.
Су тек су шарушылығына ғана қатысты мәселе емес. Дамушы елдердің өзінде су тапшылығы әлі де өзекті күйінде қалуда. Су көздерін сақтау, оның тазалығын қадағалауға қатыстыіс-шаралар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр деуге болмас. Мамандардың болжауынша 2030 жылға қарай адамзаттың 67 пайызы яғни, 5 миллиард кісі таза сусыз қалуы мүмкін. Халықаралық ұйым мамандары 2015 жылы әлемдегі халықтың 90 пайызы таза ауызсуға жетеді деп болжаған еді, алайда көздеген нәтиже құжат жүзінде қалған. Оғна басты себеп —су тазартатын құрылғылардың ескі болуы. Мәселен, Африканың 340 миллион тұрғыны таза сусыз өмір сүруде. Құрлықтағы жарты миллиард адам су тазартатын құрылғы болмағандықтан лас суды пайдалануға мәжбүр.
Су ресурстары мен кедейлік мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты. БҰҰ-ның есептеуі бойынша әлемдегі күндік табысы 1,25 долларға жетпейтін тұрғындар саны мен ауызсуға жарымай отырғандардың саны тең екен. Жылына үш миллион адамның өліміне себеп болатын аурулардың 80 пайызы судың сапасыздығынан. Су жүйесін жетілдіру арқылы жер бетіндегі ауру түрлерін он пайызға төмендетуге болады екен.
Әлем жұртшылығының тұщы суға деген сұранысы соңғы елу жылда үш есеге көбейген. Адам саны жылына 80 миллионға өсіп отырғанын ескерсек, жыл сайын кісі баласының суға деген сұранысы 64 миллион кубометрге артады. Жалпы жер жүзінде судың 80 пайызы ауыл шарушылығына, 70 пайызы өндіріске, 10 пайызы тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылады.
Шет ел мамандары таза энергия көздерін пайдалануға көшу, түрлі гидрологиялық жағдайларға бейімделу су мәселесін шешудің тиімді жолдары деп есептейді. Бірақ бұл да орындала қоюы қиын мәселе екені белгілі.
Мамандардың болжауынша, 2030 жылы әлем жұртшылығының 47 пайызына су жетпейтін болады. Климаттыңөзгеруі себебінен Африкада 2020 жылы 250 миллионға жуық адам сусыз өмір сүреді деген пікір бар. Су тапшылығы шөлді аймақтарда жаппай көші-қонның басталуына түрткі болмақ. Бұл үдеріс 700 миллион адамды қамтуы мүмкін. Дамушы елдердегі ағын судың 80 пайызы тазартудан өтпегендіктен өзен-көлдерді ластауда.
Су сапасын жақсартуға су құбырларын жөндеуге қаржының тапшылығы да себеп. Қазақстанда су құбырларының 60 пайызы әбден тозып, қаржы жетпегендіктен жөнделмей тұр. Дамыған елдердің өзінде құрылғы жөндеуге жылына 200 миллиард доллар қажет екен. Оның үстіне бұл істің жүзеге асуына әлемдік деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың кесірі тиюде. БҰҰ-ның «Мыңжылдықтың даму мақсаттары» бағдарламасында көрсетілген су мәселелерін шешуге белгіленген қаржы 50 миллион долларға артық қажет етеді. Бүгінгі таңда су құбырларын ауыстыруға қатысты жалған ақпараттар беру, суды пайдалануға қатысты өтірік мәліметтер, мемлекеттік тапсырыстарды орындауда орын алатын жемқорлық әрекеттері де игі істердің жүзеге асуына кедергі келтіруде.
Кейбір мемлекеттер даму бағдарламасына су ресурстарын басқарудың стратегиясын жасау арқылы мәселенің шешімін табуды ойластыруда. Замбия республикасында осындай бағдарлама экономиканың барлық секторларына енгізілген. Осының арқасында шет ел инвесторлары Замбияның су секторына қомақты қаржы бөлуде. Австралия сумен қамтамасыз етудің арнайы жүйесін енгізді. Нәтижесінде бассейндерді сумен толтыру, көлік жуу сияқты әрекеттерге біраз шектеу қойылды. Суды бейберекет пайдалануменкүрес Таиланд, Филиппин сияқты елдерде жақсы жүргізілуде. Палестинада су жетпегендіктен тазартылған ағын судың 40 пайызы пайдаланылса, Израилде 15 пайыз, Египете 16 пайыз қалдық су қайта өңделеді. Ал Сауд Аравиясы, Израиль, Кипр мемлекеттері теңіз суын тұзсыздандыру арқылы өндірісте пайдаланылатын су көлемін ұлғайтып алған.
Жер бетіндегі адам санының өсуі, ауыл шаруашылығы секторының кеңеюі, климаттың өзгеруі, гидрологиялық циклдың өзгеруіне ықпалы етіп, бүгінде су сапасы жаһандық мәселеге айналды. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың кесірінен ластанған судың адам денсаулығына зиянды әсері бары белгілі. Бүгінде судың құрамында бұрын болмаған ауыр металдардың, органикалық химикаттардың, микробтардың көбейіп кеткені анықталуда. Орта Азиядағы су ресурстарын пайдалану мәселесі толық шешімін тапты деуге әлі ерте..
2014 жылдың 4 сәуірінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл құжат бойынша «Су ресурстарын басқару» мемлекеттік бағдарламасын бекіту тапсырылды.Бүгінгі таңда республиканы сумен қамтамасыз ету үлесінің 85 пайызы жердің жоғары қабатындағы су көздері есебінен, ал қалған бөлігі жер асты, теңіз суы және ағын су есебінен екен. Су ресурстарының 75 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы секторы пайдаланады.
2011 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, «Казгидромет» және «Экологиялық мониторинг» департаменті республикадағы су сапасына ауқымды зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 8 өзен, 2 суқоймасы, 2 канал, 1 көл ғана «таза» деген категорияға жатқызылған. Ал 40 өзен, 6 көл, 6 суқоймасы «орташа ластанған» болса, 7 өзен, 3 суқоймасы мен 1 көл мен 1 канал «толық ластанған» боп шыққан. Ал ел аумағындағы 3 өзеннің «шектен тысластанған» екені анықталған. Билікөл, Красноярка, Шерубайнұра өзендерінің суымүлдем жарамсыз боп шыққан.
Жазда жұрт демалыс орнына айналдырған су қоймалары да жыл өткен сайын былғанып барады. Су қоймалары негізінен ауыл шаруашылығына пайдаланатындықтан оның сапасын үнемі бақылап отыру қажет. Өзендердің құрамындағы зиянды заттар мөлшерден тыс көбейіп кеткен. Бұқтырма, Аягөз, Орал, т.б. өзендері 2010 жылы «таза» деген категорияға жатқызылса, бір жыл өтпей жатып мамандар «суыбіршама ластанған»деген санатқа қосуға мәжбүр болған. Төтенше халдегі өзендердің қатарына Сарыбұлақ, Тобыл, Красноярка, Тоғызақ, Сұлтанкелді сияқты өзен-көлдер жатады. Республикакөлемінде жалпы 42 су нысаны жоғары деңгейде ластанған. Есіл, Нұра, Зеренді, Ақбұлақ сияқты өзен-көлдерде химиялық элементтер мөлшерден тыс көп. Мамандар дәл қазіргі уақытта Сырдария, Ертіс, Іле өзендері мен Арал, Каспий теңіздеріне, Балқаш пен Зайсанға басым көңіл бөлу қажеттігін айтуда.
Өндіріс ошақтары жақын оналасқан өзен-көлдердегі ластану деңгейі соңғы жылдары 40 есеге асып кеткен. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің мәліметі бойынша, республика көлеміндегі өзен-көлдердегі химиялық қалдықтар 11,1 пайызға артық. Ал Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада 18,9, Ақтөбеде 17,6, Астанада 16 пайызға көп. Республикадағы микробиологиялық көрсеткіштерге сай емес су көздері 8 пайызды құрайды. Оралға құятын Елек өзенінің хроммен ластану көлемі 12 шаршы шақырым, 32 шаршы шақырымы бормен ластанған. Хром концентрациясы қалыпты жағдайдан 51 есеге, бор 118 есеге көп.
Қызылорданың өзен-көлдерінің 18,7, Алматыдағы су көздерінің 41 пайызы микробиологиялық көрсеткіштерге сай емес. Тұрмыстық, өндірістікорындардан шыққан лас су көлемі республика бойынша 4 миллиард текше метр. Оның 1036 миллион текше метрі Қарағандыға, 921,1 Павлодарға, 667 миллион текше метрі Маңғыстауға тиесілі. Елімізде суды үнемдейтін, су сапасын бақылайтын жаңа технологияларды енгізу аса қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста