ҚМДБ: желіде тараған уағызшылардың тізімін мүфтият жасаған жоқ
Соңғы кездері әлеуметтік желілер арқылы елімізде уағыз-насихат айтуына рұқсат етілген дін мамандарының тізімі таралып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл тізімді мүфтият жасамағанын ескертеді.
Тізімде ҚМДБ-ға қарасты имамдар мен ғалымдардан бөлек, діни білімі жоқ тілшілер мен қоғам қайраткерлерінің де есімдері жазылған. Тіпті, діни білімді қайдан алғаны белгісіз адамдардың да аты-жөні көрсетілген.
"ҚМДБ Муфтият ұстаздар тізімі! ҚАЗАҚСТАНДА УАҒЫЗДАРЫН ТЫҢДАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН (КМДБ)ның АХЛИ СУННА ҰСТАЗДАРЫ", – деп басталатын (мәтін сол қалпында берілді) жазбаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі жұмыстарынан хабары жоқ адамның жазғаны байқалады.
Діни басқарманың ресми рұқсатынсыз жазылған ақпараттық тізім жамағат арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Осы ретте, уағызшылар тізімін жазған тұлғаның бұл әрекеті мұсылмандық әдепке жат екенін жеткіземіз, деп хабарлайды ҚМДБ.
Діни басқарма мамандары бұл сұрақ төңірегінде кез-келген азаматтың сауалына жауап береді. ҚМДБ ел азаматтарынан мүфтиятқа қатысты ақпарат таратпауды талап етеді.