Қымыз орталығы қақпасын ашты

Қымыз орталығы қақпасын ашты

Жексенбi күнi Алматы төрiнде «Саржайлау» қымыз орталығының тұсаукесер рәсiмi болып өттi. Осы орталықтың жетекшiсi Қытайдан келген қандасымыз Ахметбек Нұрсиланың айтуынша олар осы арқылы ата-бабалар мұрасын қайта жаңғыртып Алаш ұрпағымен қауыштыруды көздейдi.
Оның пайымдауынша күнделiктi өмiр салтын ата-бабалар өркениетiмен байланыстыруда осы орталықтардың атқарары зор болмақ. Сондайда «Саржайлау» қымыз орталығы қала сыртынан арнайы «Көшпендiлер өркениетi» этномәдени орталығы» деп аталатын этнокешен салуды да жоспарлап отыр. Осынау этнокешенге келгендер тек қана қымыз iшiп қызара бөртiп қайтпайды, сонымен бiрге сол жерде елiмiздiң дәстүрiмен және өркениет үлгiсiмен танысып қайтпақ. Ахметбек Нұрсиланың пiкiрiнше, бұл елдегi ақсап жатқан туризм саласын дамыту үшiн де тиiмдi болмақшы. Осы iстi тезiрек жүзеге асыруға әзiрге бiр-ақ нәрсе қолбайлау болып отыр. Өйткенi кешен салынатын жер мәселесiн шешу созылып кеткен жайы бар.
«Саржайлау» қымыз орталығында қонақтарға қымыздың бiрнеше түрi ұсынылатын болады. «Сарыарқа», «Үшқоңыр», «Қазығұрт», «Алтай», «Ақ жайық» – мiне орталықта дайындалатын қымыздың атаулары осындай болып келедi. Бұл атаулардың ешқайсысы да тегiннен-тегiн қойылмаған. Айталық, «Сарыарқа» қымызы Көкшетау өңiрiнiң қымыз ашыту әдiсi бойынша әзiрленедi. Ондайда қымыз қайыңнан жасалған, тобылғымен ысталған күбiге құйылып ашытылады. Саумалды құймас бұрын күбiнi кiлегеймен, қаймақпен майлайды да қымызға бал қосып пiседi. «Үшқоңыр» қымызы Алматы өңiрiнiң қымыз ашыту әдiсi бойынша дайындалады. Күбi қарағайдың бүрiмен ысталып, майланып, қымызға мейiз қосып пiседi. «Үшқоңыр» қымызы еменнен жасалған күбiге құйылып ашытылады. «Қазығұрт» қымызы болса, Шымкент өңiрiнiң қымыз ашыту әдiсiмен жасалады. Бұл қымыз аршадан жасалған, киiк отымен ысталған күбiге ашытылады. Қымыз құйылмас бұрын күбi қозының құйрық майымен майланып, қымызға да құйрық май салып пiседi. Алтай өңiрiн мекендеген қазақтардың қымыз ашыту әдiсi бойынша әзiрленетiн қымыз – «Алтай» деп аталады. Алтайлықтар алма ағашының бұтағымен ысталып, қайыңнан жасалған күбiнi жылқының қазысымен майлап, саумалға да сүрленген қазы салып пiседi. Қарағаштан жасалып, аршамен ысталған күбiге ашытылатын қымыз «Ақ жайық» деп аталады. «Ақ жайық» – елiмiздiң батыс өңiрi тұрғындарының тәсiлiмен ашытылатын қымыз. Олар күбiнi қозының құйрық майымен майлап, саумалға жылқының жалын салып пiседi.
Осынау қымыз түрлерiн әзiрлеу үшiн Шығыс Қазақстанның Саржал, Қарағандының Жаңаарқа, Оңтүстiк Қазақстанның Түлкiбас, Алматының Кеген жерiндегi белгiлi қымыз ашытушылардың әдiс-тәсiлдерi зерттелген.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Сейiтовтiң айтуынша, қымыз кем дегенде он бес түрлi дертке таптырмайтын шипа болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста