Қытайдағы қазақ отарына шапқан қасқырды жалаң қолмен сұлатқан (фото)

Қытайдағы қазақ отарына шапқан қасқырды жалаң қолмен сұлатқан (фото)

Осыдан біраз уақыт бұрын Қытайдағы қазақтың бір отар қойына қасқыр шапқан. Сол кезде Қытайдағы қандасымыз қасқырды жалаң қолмен сұлатып, оның аузын жіппен байлап өз үйіне әкеліпті. Фейсбук қолданушысы Бурахан Даканов осы оқиғаның қалай болғандығын өз парақшасына жазған.

Кешелері ма, одан арғы күні ма білмедім, əйтеуір болашақта өзімізге қайтатұғын Қытайдағы қазақтың бір жерінде өмір сүріп жатқан суреттегі қандасымыздың бір отар қойына аяқ астынан қасқыр шауыпты. Бір тоқтыны алып, кете берсе жарайды ғой. Жоқ. Қасқырың қалың қойға қырғидай тиген көрінеді.Онымен қоса шопанға қыр көрсетіп:

— Қылатыныңды қылып ал дегендей ыржалаңдаған дейді... Бұндай жағдайда есінен адаспаған жігітің:

— Еее.. Қасқыр болсаң ит шығарсың. Сығып тастар бит шығарсың, келсең кел нақ!! Өтіңді алып ..өтіңе құяйын, — деп ешқандай қарусыз, тұп-тура 38 минут алысқан екен. Қасқырдың адамға шапқанын естіген бөрі — қасқырға "шапқан" адамды көргенде таң қалып, бір түрлі болып қалған секілді.

Дегенмен жан керек, онымен қоса қасқыр деген аты бар, əйтеуір жанталасып жүріп әлгі батырдың үш саусағын жұлып үлгереді. Ит секілді бірдеменің саусағын тамақ еткеніне намыстанған һəм ашуды ат секілді ерттеп мінген жігітің бөріңді бастан бір теуіп құлатады да, онымен қоймай аузын жіппен байлап, түз тағысын ит қылып үйіне алып келген. Көрші қолаң есінен танып жатыр дейді шетінен. Оны қойшы, көрші-қолаң түгіл мыңдаған шақырым алыста жатқан біздің өзіміз төсекте бір аударылып қалдық. Жарайсың қысқасы!!!

Қасқырды жеңген жігіт Бурахан Дакановтың фейсбук парақшасынан алынған

«Қамшы» сілтейді

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста