Қытайлар қазақ қызына неге үйленгісі келеді?

Қытайлар қазақ қызына неге үйленгісі келеді?

1991-2011 жылдарда қазақ журналистері «Елімізде жат діни ағымдарға арбалғандар саны күннен-күнге артып бара жатыр. Түбі бұл жақсылыққа апармайды» деп, басылым беттерінде сан рет жазды. Бірақ билік оған мән беріп, құлақ асқан жоқ.
2010-2011 жылдары Ақтөбе облысының Кеңқияқ, Шұбарши аудандарында лаңкестермен атыс болды; Ақтауда жат діни ағымның 21 өкілі түрмеден қашып, елді біраз дүрліктірді; Таразда ҰҚК ғимараты жанында жарылыс болды. Елде осындай бірнеше террорлық әрекеттер болғаннан кейін ғана билік бұл мәселеге көңіл аударып, жат діни ағымдардың Қазақстанның біртұтастығы үшін шын мәнінде үлкен қауіп екенін ұқты. Содан кейін ғана нақты шаралар қолданыла бастады. Алайда бұл уақытта еліміздегі мұсылмандар жамағаты көптеген тармақтарға бөлініп үлгерген еді. Енді қазір мешітке барсаң, діні бір, ұлты бір, Раббысы бір, пайғамбары бір, құбыласы бір мұсылмандар әртүрлі ақиданы ұстанып, әртүрлі құлшылық жасайды. Бір-біріне ала көзімен қарап, кейде пікір қайшылығынан түрлі түсініспеушіліктер, кикілжің-жанжалдар да болып жатады. Ал? Енді? Діни сенімдері әркелкі Отан қалыптастырғаны үшін ұрпақтың алдында, біздің алдымызда кім жауап береді?! Бұған ісіне немқұрайлы қарайтын, жауапты қызметтерге келіп-кетіп жатқан дарынсыз, бейқам шенділер не дер екен, ә? Қазақстанның біртұтастығы мен Тәуелсіздігі үшін ешқандай еңбектен де, күрестен де қашпаймыз. Бірақ дер кезінде дұрыс шешімдер қабылданса, ахуалды мұншалықты ушықтырмауға болатын еді ғой.
«Халық айтса, қалып айтпайды». Ал «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» — журналистер мен қаламгерлер. Біздің билікке елде қандай мәселелер бар деп бас қатырудың қажеті жоқ. Қаламгерлер мен журналистердің айтып, жазып жүргендеріне ден қойса, жеткілікті.
Қазір басылым беттерінде жиі көтерілетін мәселе — Қазақстанда жылдан-жылға қытайлардың қаптап бара жатқандығы. «Қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінер» деп бабалар босқа айтпаған шығар?! Абылай хан қазақ жерінде орыс әскери бекіністерінің салынуына қытайларға сес көрсету үшін ғана оң көзқараспен қараған. Ал біз қазір Қытайдың соғыссыз жаулау саясатын Қазақстанға емін-еркін қолданып жатқанына мән бермей жүрміз. Өйткені Қазақстандағы кәсіп, сауда, өндіріс салаларына қытайлар жылдан-жылға дендеп кіріп барады. «Империя дегеніміз — сауда» деген қағида бар. Империалистік пиғылдағы алпауыт мемлекеттер өзге елдерді соғыссыз жаулау үшін сауда-саттықты тиімді пайдалануды көздейді. Бірақ бұлай екен деп, нарықты жауып қоя да алмаймыз. Жауып қойсақ, экономика дамымайды. Қалай болғанда да, біздің халық рухани мықты болуы керек! Әйтпесе, «айдаһар» көршімізге жұтылмау оңай емес.
Ең жанға бататыны, Қытайда 14-15 мың тұрғыны бар қазақ ауылдарында орта есеппен 10 қазақ қызы қытайға тұрмысқа шығады екен. Ал Қазақстанда жүрген 300 мыңдай қытай қазақ қызына үйленгісі келетінін ашық айтып жүр. Бұл мәселенің шешімі, айналып келгенде, ұлттық тәрбиеге келіп тіреледі. Әр отбасы қыздарына шешен халқындай «Өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шығу — ұлттық сатқындық» деп тәрбие беруі керек сияқты. Әйтпесе, өзге ұлттарға оңды-солды үлестіретіндей далада жатқан қыздарымыз жоқ!
Қорыта айтқанда, дәстүрлі дініміз бен ұлттық идеямызға берік болмасақ, қазіргідей идеологиялық соғыс заманында есемізді жібермеуіміз мүмкін емес.
 kazakhstanzaman.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста