Қызылағаш төрт айда қайта түледі

Қызылағаш төрт айда қайта түледі

Қызылағаштағы қызу құрылыс жұмыстары аяқталып, соңғы үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Су тасқынынан кейін қысқа мерзім ішінде Қызылағашта барлығы 465 үй жаңадан бой көтеріп, 30 үй күрделі жөндеуден өтті. Сөйтіп, тұтас бір ауыл төрт айда қайта түледі.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қызылағаш ауылында соңғы тұрғын үйлердің кілтін тапсырумен қатар күрделі жөндеуден өткен ауыл мектебі мен аурухананың, балабақша мен 12 пәтерлі коммуналдық үйдің ашылу салтанатына қатысты.
Қайта жаңғырған Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп – 226 млн теңгеге, ауылдық дәрігерлік амбулатория – 45 млн теңгеге, балабақша мен 12 пәтерлік коммуналдық үй 180 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Мектептегі физика, биология, химия, информатика, музыка кабинеттері қажетті оқу құрал-жабдықтарымен толықтай жабдықталып, технология сабағы үшін арнайы шеберхана жасақталды.

Мектеп аумағында баскетбол, волейбол алаңдары, пинг-понг ойыны үшін асфальт төселген алаң, спорттық газон мен көрермендерге лайықталған орны бар футбол алаңы жасалды. Маңы жасыл желекпен көмкеріліп, қарағай, бозарша, қайың, терек, тал, жеміс ағаштары бой түзеген.
Мұндағы дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмыстарын «Рахат» АҚ қайырымдылық көмек ретінде өз есебінен жүргізді. Қазір медициналық құрал-жабдықтар әкелініп, сырқаттарды қабылдау жүргізілуде.

Бұрынғы мектеп-интернаттың 1-2-қабатына орналастырылған 120 орындық балабақшаның бүгінгі кейпі, ауладағы балалардың ойын алаңы мен спорт алаңы көз қуантады. Осы ғимараттың үшінші қабатындағы 12 пәтерлі коммуналдық үйдің 8 бір бөлмелі, 2 екі бөлмелі  және 2 үш бөлмелі пәтерлері де қызылағаштықтардың игілігіне берілді.

Ауылда жарық, телефон байланысы, ауызсу мәселесі толығымен шешілген. Елді мекеннің ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын 12 көшесі мен 10 бұрылысы асфальтталып, осы мақсатқа 400 млн теңге жұмсалды.

Қазіргі кезде Қызылағаш ауылы тұрғындарына көмек ретінде себілген 1900 гектар астықты ору жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге үш комбайн, үш «КамАЗ» автокөлігінің күшімен 130 гектар егістік орылып, бастырылды. Жиылған астықты Қызылағаш қырманына тасымалдап, қабылдап алу, халыққа тарату міндеті аудандағы «Әділ С» ЖШС-не жүктелген. Алдағы уақытта зардап шеккен 631 отбасының әрқайсысына жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын бір сиыр, бір жылқы, 10 қойдан беру жоспарланып отыр.

Серік Үмбетов, облыс әкімі:
– Бүгінгі күн қызылағаштықтар үшін ғана емес, баршамыз үшін ерекше. Себебі бір ауыл толықтай қайта жаңғырды, қайта жасалды, қалыпты тірлігіне кірісті. Біз елді мекендегі қалпына келтіру, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтадық. Жуырда әр шаңыраққа уәде еткен асар салтымен жиналған малды үлестіріп беру ісі жүзеге асырылады.

Бекжамал Нұрмұхамбетова, ауыл тұрғыны:
– Төрт айда бір ауыл тұрғызу – оңай шаруа емес. Соған қарамастан апаттан кейін абдырап қалған жұртшылықтың еңсесін тіктеп, аяғынан тұрғызуға барын салған барлық азаматтарға – Елбасынан бастап құрылысшыларға дейін айтар алғысымыз шексіз.
Қызылағаш ауылы республика бойынша ең көрікті, ең жайлы ауылға айналды. Енді қызылағаштықтар елді мекеннің осы көркем кейпін сақтап, одан әрі дамытуға барымызды саламыз.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста