Қызылорда облысында 7 сынып оқушысын зорлап, өлтірген (фото, видео)

Қызылорда облысында 7 сынып оқушысын зорлап, өлтірген (фото, видео)

NUR.KZ порталына хабарласқан оқырман күні кеше Жаңақорған облысының Шалқия ауылында бүкіл елді дүр сілкіндірген жайт орын алғанын жеткізді. Айтуынша, ауыл тұрғыны 7 сынып оқушысын ауылда қаңырап бос тұрған көпқабатты үйлердің біріне апарып, аяусыз зорлап тастаған. Онымен қоймай, ауыр шлакоблокпен басынан ұрып, өлтірген.

Есімін атағысы келмеген Шалқия ауылының тұрғыны бұл жайт бүкіл ауыл үшін оңайға соқпағанын айтады. Себебі, мұндай жағдай бір айдың ішінде екі рет орын алып отыр дейді ол.

"Біздің Шалқия дейтін кентте Кеңес үкіметінен қалған бесқабатты үйлер бар. Олар қазір қаңырап бос тұр. 18 шілде күні 7 сынып оқушысын ойнап жүрген жерінен 1987 жылы туған ауыл тұрғыны ұстап алып, сол үйлердің біріне апарып, буындырып зорлапты. Зорлаған соң, ол онымен қоймай, қызды ауыр шлакоблокпен басынан ұрып өлтірген. Қыздың басы мыжылып кеткен ғой. Сөйтіп, түк болмағандай далаға шығып, үстіндегі қанға қарамастан, мал сойғандай жүре берген", - дейді ол.
Айтуынша, қызды сол маңда ойнап жүрген кішкентай қыздар көріп қалып, үлкендерге айтқан. Қатты шошыған ауыл тұрғындары болған оқиғаны қыздың анасына бастапқыда айта алмаған екен. Тұрғындардың сөзінше, Шалқия жұрты бұдан аз уақыт бұрын да дәл осындай жағдайды бастан кешірген.

"Біздің ауылда қазіргі таңда мырыш-қорғасын шығаратын шахта бар. Бірақ ауыл жастары ол шахтаға жұмысқа орналаса алмайды. Жұмысқа тұру үшін ақша сұрайды. Амал жоқ, жастар жұмыссыз сенделіп жүр. Екіншіден, Шалқия қазір нағыз шөп сататындардың ордасына айналғандай. Арнайы шөп сататын "пятак" деген жер бар. Сонда сенделіп жүрген жастардың барлығы шөп сатып алады.
Ауыл тұрғыны бұл жайттың орын алуына ауылдағы әлеуметтік ахуалдың әсері көп дейді. Мәселен, ауылда жұмыссыздықтан сандалып, шөп шегіп жүретін жастардың қарасы күннен күнге көбейіп келе жатқан көрінеді.

Менің де кішкентай қарындасым бар. Сол үшін алаңдап, қатты қиналып отырмын. Бұдан бірер апта бұрын сегізінші сынып оқушысын да бір тұрғын зорламақ болып, шешіндіріп жатқан жерінен ұстап алды. Алайда полицейлер оны куәгерлер жоқ деп босата салыпты. Аз уақыттан соң мына жағдай болып отыр. Бұл біздің ауылға басқа жақтан көшіп келген жігіт", - дейді ол.
Қазіргі таңда, полицейлер қылмыс жасаған жігітті құрықтаған. Алайда ауыл тұрғындары жиналып, ауылдағы қылмыс пен бассыздықты құзырлы органдар қолға алса екен деп сұрап отыр. Жанайқайын жеткізген тұрғындар өсіп келе жатқан балалардың болашағына алаңдаулы.

"Байқауымша, кіп-кішкентай ауылымызда шөп шегетіндер де, педофилдер де көбейіп кеткен. Мен бұл жағдайда қатты алаңдаймын. Ауыл деген алтын бесік болуы керек қой. Балалар өз ауылында емін-еркін ойнап жүруі керек. Осы оқиғадан соң кішкентай балаларды есік алдында ойнауға да шығармайтын болған. Біз ауылымызда тәртіп болғанын талап етеміз!", - деді ол.

Аталған жайт бойынша NUR.KZ порталы Қызылорда облыстық ІІД-не ресми хат жолдады. ІІД баспасөз қызметі жуық арада жауап беруге уәде етті.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста