Ресейден келетін сүт өнімдерінен зиянды заттар табылды

Ресейден келетін сүт өнімдерінен зиянды заттар табылды

Қазақстанда сатылатын Ресейдің сүт өнімдерінен ішек таяқшалары бактериясы мен қауіпті микроорганизмдер табылды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада комитет мамандары наурыз айында Ресейден келетін сүт өнімдерінің 337 сынамасын алып, зерттеу жұмыстарын жүргізгені айтылған. Нәтижесінде, 82 сынамадан зиянды заттар табылған. Соған байланысты елдегі ірі супермаркеттерден 2 тонна 529 литр зиянды сүт өнімдері тәркіленді.

Комитеттің хабарлауынша, ішек таяқшалары бактериясы «Вимм-Билль-Данн» ААҚ-ының өнімі «Ламбер» ірімшігінен табылған. Ал адам денсаулығына зиянды микроорганизмдер «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ-ының өнімі «Сливочки сгущенные с сахаром Славянские» және «Главпродукт» қоюлатылған сүттерінен табылып отыр.

Сонымен қатар, «Домик в деревне» сүтінің құрамында майсыз құрғақ сүт қалдықтары төмен мөлшерде екені анықталды. Сондай-ақ, «Сливочное лакомство Фруттис» йогуртының құрамы физика-химиялық көрсеткіштердің талаптарына сай емес. Мамандардың айтуынша, «Вимм-Билль-Данн» ААҚ, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ, «Компания Юнимилк» ААҚ, «Данон Индустрия» АҚ және тағы басқа сүт өнімдерін өндіретін Ресейдің ірі компаниялары техникалық талаптарды жиі бұзады. Айта кетейік, 31 наурызда еліміздегі дүкен сөрелері мен қоймаларынан Қазақстан Республикасының техникалық талаптарына сай келмейтін Ресейдің ет өнімдері алынып тасталған болатын.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста