Ринат Зайытов “терпиласың ба” деген Бекболат Тілеуханға жауап берді

Ринат Зайытов “терпиласың ба” деген Бекболат Тілеуханға жауап берді

Айтыскер ақын Ринат Зайытов өзін қатаң сынға алған экс-депутат Бекболат Тілеуханға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі ақынның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап жазды.

"Ассалаумағалайкум аса құрметті Бекболат аға. Маған жолдаған видеосәлеміңізді көрдім. Таңырқадым деп өтірік айта алмаймын. Осылай қабылдайтыныңызды сездім. Бірақ түсіндірмесін кездескенде беремін ау деп ойлағанмын. Оған мына әлеуметтік желідегі әңгіме өзіміз тоқтатпай, тыйылмайтын сияқты. Сондықтан бір сөзімді жеткізуге тырысайын.

 

Аға, өзіңізге былтыр ғана хабарласқандағы айтқан сөзім сол сөз. Мен сізді ештеңеге қарамастан, аға деп құрметтеймін, қайталанбас талант - деп жақсы көремін! Ал кейбір жағдайларда танытқан осалдығыңызды тура сынасам, ол- інілік назым, ақындық асаулығым. Ол өкпемнің орны бар деп ойлаймын. Себебі: қазіргі уақытта біздің елде ресми мәліметтер Қаңтардағы қырғынға сіздің дос тұтып жүрген азаматтарды күдікті танып, тергеу жүргізуде. Демек, егер ол мәліметтер рас болса, сіздің достарыңыздың жоспарларынан хабарсыз болғаныңызға сенбеймін. Ал өтірік болса, онда қазіргі билік бізді алдап, ақымақ көріп, жазықсыз адамдардың мойынына жүздеген адамның қанын артқалы тұр деген сөз. Сіздікі қайсысы? Не болса да, екі жағдайда да ештеңе көрмегенсіп, үндемей қалу сізге сын аға.

 

Жақсы. Жауап ойлап алтын уақытыңызды кетірмеңіз. Сізге бірдеңе дәлелдеп, ырылдасып таласу ойымда жоқ. Өйткені Қазақ онсыз да жан-жаққа топталып алып, қырық пышақ болып жатыр. Енді қалмағаны Бекболат Тілеухан мен Ринаттың жақтастарының шайқасуы ма? Құрысын. Айып етпеңіз. Ондай елге еш пайдасы жоқ, "өнбес өсектер" жарысына жүйкем мен уақытымды кетірмеймін.

 

Бекболат аға сіздікі -"дұрыс", менікі- "ағаттық". Сіз-жақсы, мен-жаман. Осы жерден қойдым. Сіз де сөйтетін шығарсыз", - деп жазды Ринат Зайытов.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста