Сағаты 20 мың деген жезөкше жігіт тегін қызмет көрсетуге де дайын екенін айтыпты
Жезөкше десе көз алдымызға тек әйелдер елестейді. Бірақ бұл кәсіппен айналысатын еркектер де бар.
Бұл туралы 7-арнадан шығатын бағдарламалардың бірінде айтылды.
Журналист қыз жезөкше азаматты интернеттегі хабарландыру арқылы тауып, кездесуге көлікпен барды. Іске кіріспестен бұрын сөйлескісі келген тілші өтінішін жігіт жерге қалдырмады.
«Сағаты 20 мың теңге. Жасым 21-де. Қалғанын кейін сөйлесе жатамыз ғой. Көліктің артында да болады. Артына отырайық», — деп қызға жабыса кетті.
Бойжеткен жыныстық қатынасқа қошы болмай тұрғанын айтып еді әлгі жігіт тегін қызмет көрсетуге дейін дайын екенін жеткізді.
«Жарайды. Не болды сонша? Ұялатын не бар? Ақша да алмаймын. Менімен болғандар тояттанып кетеді», — деп сырт киімін шеше бастады.
Алайда журналист қыз жігітке басқа бір жолы хабарласатынын айтып, уақытын алғаны үшін кешірім сұрап қоштасты.