Шалдардың өзі кезекте тұрады: Ақтөбелік қоғам белсендісі қаладағы секс-құлдықпен күресуде

Шалдардың өзі кезекте тұрады: Ақтөбелік қоғам белсендісі қаладағы секс-құлдықпен күресуде

Ақтөбелік полицейлердің қоғамдық көмекшісі қалалық теміржол вокзалында белең алып келе жатқан сексуалды құлдық мәселесін шешу үшін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан көмек сұрады. Ол қаракөз бойжеткендерді секс-құлдықта ұстап отырған әйелдің әрекетін полицейлердің өзі жауып, қорғап отырғандығын айтып, әкімге хат жазды. Оның бұл мәселе жөнінде жазған хатын «Ақтөбе Таймс» басылымы жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шалдардың өзі кезекте тұрады: Ақтөбелік қоғам белсендісі қаладағы секс-құлдықпен күресуде

Сәнімжан Шұғайпованың сөзіне қарағанда, ол он жыл бойы қаладағы жезөкшелікпен күресіп келеді, бірақ жезөкшелер ұясының жабылуына жазғыз өзінің шамасына келмеді. Сәнімжан тіпті, бірнеше рет әкімге арыз жазған. Содан кейін ғана оның арызы Ақтөбе облысының полиция бөліміне түскен. Бірақ құқық қорғау органдары бұл мәселеге қатысты ешқандай әрекет жасамаған көрінеді.

«Сонымен қатар, ұйымдастырушы дәлірек айтқанда, қылмыстық кəсіпті ұйымдастырушы және қыздарды секс-құлдықта ұстап отырған «мама Галя» деген әйел елдің бәріне өзін полиция қорғайтынын айтып мақтанады. Әйелдің сөзінше, полиция қызметкері оның құлдары»,- деп жазған Шұғайпова әкімге жолдаған хатында.

Сондай-ақ, Шұғайпова мәлімдемесінде қылмыстық топ мүшелерінің және коммерциялық секс қызметкерлерінің барлық байланыс мәліметтері бар екенін айтты.

«Мен бұл қылмыстық жұмысты тастауға тырысатын әйелдерді кім күзететінін және оларды ұстап, пәтермен қамтамасыз ететін адамдарды да білемін. Сондай-ақ, олар жайлы барлық деректі бірнеше рет полицияға тапсырғанмын. Бірақ жезөкшелік күннен күнге өршіп барады», – деді әйел.

Сонымен қатар, әйел осы жылдың қыркүйек айында жыныстық құлдықта болған қыз туралы баяндап берді. Айтуынша, 8 наурызда Айша есімді қызды асқан қатыгездікпен ұрып-соғып, пәтеріне қамап кеткен. Оқиғадан кейін төрт баласы бар Айша өзіне қол сатуға тырысып, үшінші қабаттың балконынан секіріп кетті. Бірақ киім ілетін арқаннан ұстап үлгеріп, аман қалған. Құлдықта болған келіншектік оқиғасын баяндаған қоғам белсендісі бұл сөзін растау үшін осы оқиғаның видеосын да көрсетуге дайын екенін айтты.

Шұғайпованың айтуынша, сонда полиция қызметкерлері «өзіне қол жұмсау» және «жезөкшелікпен айналысуға тарту» баптарына сәйкес алдын ала тергеу жүргізді.

Алайда, ол полицияның бұл мәселені аяғына дейін жеткізе алатынына сенімді емес. Оның пікірінше, сотқа дейінгі іс 8 қыркүйекте басталды, ал оның барысында бір емес, 4 теугеуші ауысқан. Және бәрі оғаш сәйкестік бойынша денсаулығына байланысты демалыс алып кеткен.

«Осыған қарасақ, ұйымдастырушының полиция қызметкерлері туралы айтқан сөзі жай мақтаншақтық емес. Оның үстіне қылмыстық істің ашылуына және әлеуметтік желілерде осы мәселенің таралуына қарамастан, вокзал алаңында жұмыс істейтін ұйымдастырушылар тобы күн санап өсіп келеді. Олар қыздарды ашық түрде сатады және секс құлдыққа тағы екі қыз қосылды », – деп жазады Шұғайпова.

Күн санап дамып бара жатқан жезөкшелікпен күресіп жүрген қоғам белсендісі Ақтөбедегі секс құлдық балалардың көз алдында өсіп келеді деп қынжылады. Айтуынша, ақсақалдардың өзі зейнетақысын ала сала жезөкшелерге барып, кезекте тұрады.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста