Сарыптан сақ болыңыз

Сарыптан сақ болыңыз

Әр жылы көктем келіп, мал төлдеу науқаны басталған шақта төрт түлік малдан адамға жұғатын аса қауіпті аурудың бірі – сарып (бруцеллез) белең алады. Мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға сарыптан қалай сақтану керектігі жайлы мағлұматтар беру мақсатында Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансысының аса қауіпті аурулар бөлімінің меңгерушісі Ақылбек МЫРЗАБЕКОВКЕ бірнеше сауал қойған едік.

– Ақылбек аға, көктем келісімен малдың төлдеу науқаны басталуымен қатар, сарып ауруының белең алатыны белгілі. Жалпы, сарып – қандай ауру?
– Сарып немесе сал ауруы (бруцеллез) – адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі.
Ауру қоздырғышы (бруцелла микробы) сыртқы ортаның әсеріне өте шыдамды келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде – 3-4 ай, суда – 5 ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде ұзақ сақталады. Ауру малдардың ішіндегі ең қауіптісі – уақ мал (қой мен ешкі), өткен жылы ауырған адамдардың 66,7 пайызы ауруды уақ малдарды бағып-қағу кезінде жұқтырған. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаға ауырған малдардың тезегі, қиы, зәрі, шуы тағы басқалар арқылы бөлініп тарайды.
– Елімізде бұл індетпен байланысты эпидемиологиялық жағдай қалай? Жалпы, ауру жұқтыруға не себеп?
– Республикамызда жылына 2000-нан астам адам сарыппен ауырады, оның 12 пайыздан астамы – жасы 14-ке толмаған балалар.
Өкінішке қарай, соңғы кезде ауылдық елді мекендерде адамдардың тобымен ауруы орын алуда. Өткен 2009 жылы республикамыздың бес облысының 23 елді мекенінде 197 адам тобымен ауырды.
2009 жылы сарыппен ауырған адамдардың 86 пайызы ауыл тұрғындары болса, оның ішінде 60 пайызы мал шаруашылықтары сарып ауруынан «таза» деп есептелетін елді мекендерде орын алды.
Жекеменшік мал ұстайтын шаруашылықтар мен ел арасында мал дәрігерлерінің қызметін қажетсінбеу, ауырған мал санын жасыру, мал дәрігеріне көрсетпей сойып, пайдалану ауру жұқтыруға себеп болып отыр.
– Шынында да, ауылдағы ағайынның сақтық шараларына құлақ аса бермейтіні бар. Алайда ауру жұқтырған адам алдын ала емдік шараларын жасау үшін ауру жұқтырғанын қалай білуіне болады? Аурудың негізгі белгілері қандай?
– Ауру қоздырғыштары адам денесіне әсіресе мал төлдету, оны бағып-қағу, ауру малды сою, жіліктеу немесе жүнін қырқу кезінде тері арқылы енеді. Ал күнделікті тұрмыста ауырған малдың қайнатылмаған сүтін ішкенде, сол сүттен дайындалған қаймақ, сарымай, ірімшік, шала пісірілген ет тағамдарын пайдаланғанда, жұғады. Сол сияқты ауылды жерлерде отын ретінде мал тезегін дайындау кезінде жұғуы да мүмкін.
Сарып ауруының негізгі белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн өткен соң біліне бастайды: адам өзінің тез шаршап, тамаққа зауқы соқпай, басы ауырып, делсал болып, бойының ауыр тартқанын сезеді. Емделмеген жағдайда ауру күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, қол-аяғы сырқырап, белі ауырып, түнге қарай малшынып терлеп, ұйқысы бұзылып, мойын, қолтық асты, шабының бездері ісіп ауырады. Дәрігерлерге көрінбей, өзінше емделген жағдайда ауру созылмалы түрге айналып, науқас адамның белі шойырылып, қол-аяқ буындары ісіп, қозғалтпай ауырып, әрең бүгіледі. Буын-буындарға сары су толып, буындардың қалыпты түрі өзгереді. Ауру 2-3 жылдан көп жылға дейін созылып, кейбіреулер жұмысқа жарамай, сал, мүгедек болып қалуы ықтимал.
– Ал малдың ауру екендігін сырттай аңғаруға бола ма? Көзге ұрып тұратын қандай белгілері бар?
– Ең сырт көзге байқалатын белгілері: малдың ақсап жүруі, аяқ буындарының ісінуі, көбінесе саулық малдың желінінде ісік пайда болуы, іш тастауы, еркек малдардың (бұқалар, қошқарлар, текелер т.б.) енінің ұлғаюы сияқты өзгерістер байқалғанда, мал иелері міндетті түрде жылдам мал дәрігеріне хабарлауы керек.
 – Ауырған малды анықтағаннан кейін ауру жұқтырмау үшін не істеу керек? Сарыптан сақтану жолдары қандай?
– Сақтану шараларын аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн. Ол үшін жекеменшік мал иелері мен шағын шаруашылық басшылары, жергілікті әкімдер мен мал дәрігерлері бірлесіп, қожалықтағы немесе жекеменшіктегі барлық мал басын түгелдей есепке алып, уақтысында ауру-сауын тексеріп, сарыпқа және де басқа қауіпті ауруларға қарсы егу жұмысын жүргізуі керек. Ауруы анықталған малды мал дәрігерімен ақылдасып, көп ұзатпай (бекітілген Ереже бойынша бес күн ішінде) сойып, өңдейтін арнайы орындарға тапсыруы керек.
 Ауру малды өзге малдан бөлектеп, іш тастаған малдың төлін, шуын арнайы құралдармен немесе айырмен, күрекпен алып, мал төлдеген жердің сабан-шөбін, топырағымен қоса алып, қорадан аулақ жерге апарып, иттер қазып ала алмайтындай етіп, 1-1,5 метрдей тереңдікке көміп тастау керек. Ауру малды бағып-қағушылар үстінде арнайы санитарлық киімдер: халат, резіңке етік пен қолғап, алдына су өтпейтін алжапқыш байлап, жұмыс істесе өте жөн. Қолды жиі сабындап жуып жүрудің де маңызы өте зор. Мал алу немесе сату кезінде мал дәрігеріне көрсетіп, малдың саулығы туралы анықтама алу керек.
Ауру малдар бағылатын қорада темекі тартуға, тамақтануға, демалыс жасауға болмайды. Жаңа туған төлді үйге кіргізудің де қажеті жоқ, себебі үйдегі сәбиге, балаларға, отбасы мүшелеріне ауру жұғуы мүмкін. Мал немесе малдың еті мен сүтін сатып алғанда, сатушылардан малдың саулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасын талап етіңіздер.
Орындалуы қарапайым ғана, жоғарыда көрсетілген ережелерді мұқият орындасаңыздар, тек сарып емес, малдан жұғатын көптеген басқа да аса қауіпті аурулардан аулақ боласыздар.

Ескерту:
Ал ауру малды қолда ұстап, мал дәрігерлеріне хабарламай сойып немесе сүті мен етін саудаға салмаңыздар. Сарып – адам өміріне қатерлі ауру.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста