Шаурмада шатақ көп

Шаурмада шатақ көп

Бүгінде Шымқалада аяқ басқан сайын шаурма, лаваш, донер-кебаб сататын сауда нүктелері көп. Жеңіл дайындалатын осы тағам түрінің көрігі қызып тұр. Әрі алармандары да көп болған соң, күніне бір сауда нүктесі ашылады деп айтсақ артық болмас. Расында, қазақтың қара қазанына пісірілетін жұқпа нанды әлдеқандай етіп лаваш атандырып, арасына ет салып, дәмдеуіштерін ара­лас­­тырған осы бір тағамға құм­былдар көп. Оның қалай дайын­далатынына бас қаты­рып жатқандарды және тап­пай­сыз.
Базарларда, кір-кір асханаларда, ашық күн көзінде тұрып дайындалатын тағам қайбір санитарлық талапқа сай болсын! Әрине, пісірілгеннен кейін күн көзінде сағаттап тұратын ет асқазанға түскен соң тыныш жатсын ба? Ал асқазан – тапқа­ныңның бәрін тыға беретін «сиқырлы қойма» емес. Оның да тағам қорытудан шаршайтын, жүрісінен жаңылатын кездері болады. Әсіресе жоғары калориялы әрі тазалыққа тән емес осындай тағам түрлерін тоғытқанда, «мінез» көрсететіні бар. Асқазан жарасы, гастрит деген дерттер осыдан пайда болады. Медицина мекеме­лерінің статистикасына үңілсек, базарларда сатылып жатқан еттің 25 пайызы санитар­лық-эпидемиологиялық талапқа сай келмейтін көрінеді. Егер етті тиісті дәрежеде қайнатып не қуырмаған жағдайда, гель­минт жұқтыру қаупі жоғары. Ал әлгіндей «импортный» тағамдардың дәл осы еттер­ден дайындалмасына ешкім де кепілдік бер­мейді.
Облыстық санитарлық-эпидемиоло­гия­­лық қадағалау басқармасының бас маманы Раушан ҚАСЫМҚҰЛОВА: «Бүгінде Шымкентте шаурма, донер сататын сауда нүктелері қаптап кеткен. Олардың барлы­ғын­да да қарапайым санитарлық ережелер сақталмайды. Қол жуатын орын түгіл, дәретхана да жоқ. Тез дайындалатын әрі тез бұзылатын тағам түрлерінің қауіптілігін айтып, дабыл қаққан сайын, алушы­лары көбейіп барады. Ішек инфекциялары осындай тағам түрлерінен өршуі мүмкін. Тамақтан уланудың төрттен бірі таза пісіріл­меген ет тағамдарынан болады. Басқар­маға күн сайын көптеген телефон қоңырауы түсіп жатады. Бірақ жаз айында бірде-бір рет арнайы арыз жазып келген адам болған жоқ. Сол себептен санитарлық талаптарды сақтамаған сауда орындарына қарсы ешқандай да тексеру жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Арызданушылардың басым бөлігі өз аты-жөнін айтудан жал­тарады», – дейді. Расында, 2011 жыл­дың 6 қаңтарында қабылданған №377 ІV ҚР «Мемлекеттік бақылау және тексеру туралы» Заңының қабылдануына байла­ныс­­ты тиісті органдар тексеру жүргізе ал­майды. Осылайша мемлекеттік басқар­ма­ның аяқ-қолы матаулы. Осы заң талап­та­рына сай тексеру екі сатыға бөлінеді. Жоспарлы және жоспарсыз. Қандай да бір сау­да не болмаса тамақтану орын­дарын тек­серу үшін прокуратура рұқсат беруі тиіс. Ал жоспарсыз тексеру жеке аза­маттар тара­пынан берілген арызға байланысты жүр­гізіледі. Әрине, заң шағын және орта биз­несті дамыту үшін қабылданғаны белгілі. Кейде осы заң талаптары кәсіп­кер­лердің мүддесін көздейтіндей, жауап­кершіліктен босатып жатады. Шынында да, «жауап­кер­шілігі шектеулі» деп аты айтып тұрғандай, ЖШС-лер осы заңның арқасында тым тай­раңдап кетті. Осы заң талаптарының алғаш рет кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған­дар­ға көп көмек беретіні сөзсіз. Оларды тиісті органдар бір жылға дейін тексеруге құқы жоқ. Мұн­дайда, әрине, олардың арына салған дұ­рыс. Алайда ақша жүрген жерде арды ой­лап жатқан жанды табу тағы қиын. Осының салдарынан небір сорақы әрекеттерге жол беріліп жатыр. Жуыр­да Шымкенттің қақ ортасында орна­ласқан «Лаваш орталығы» жабылды. Бір­не­ше ай бойы жұмысын жалғастырып келген ор­талықты тексерген прокуратура қызметкер­лерінің өзі жағасын ұстап таңғалды. Онда тағамдарды сақтай­тын мұз­­датқыш деген атымен жоқ, тіпті ет ту­рай­­тын үстел де жоқ екен. Тағамды кәдім­гі жерге дайындай береді екен. Шы­бын-шір­кей басып қалған. Қоқыс үйіліп жатыр. Бұл тірлікті өз көзімен көрген адам екінші мәр­те лавашы құрысын деп, безіп қашары сөз­сіз. Антисанитарлық жағдайда­ғы асх­а­насымақтар бір бұл ғана емес.
Еркін Байымбетов, Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі:
– Ешқандай санитарлық талапты сақтамай отырған орталықты жабудан басқа амал қалмады. Өте лас, еттің бәрі жерде жатыр. Ми қайнатар ыстықта оларды қалай сақтап, қалай дайындайтындары белгісіз...
Бүгінде Ресейде де шаурма саудасы сәнге айналған. Ондағылар оның құра­мына сиыр, шошқа, қой етін қосса, Түркия, Ливан сияқты мұсылман елдерінде – қой мен түйе етін, ал Израильде балапан мен түйеқұс етін пайдаланады. Бүгінде елімізді түрік асханасы жаулап алғаны белгілі. Соған орай, көбі түрік асханасынікі деп шатасып жүр. Негізі, ол – араб елінің таға­мы. «Көше тағамдары» деген атқа ие бол­ған мұндай дәмдерден, әрине, пайда жоқ, асқазан ауруларының бәрі осындай тез дайындалатын тағамдардан пайда болады. Дені сау ұлт болу үшін денсаулыққа зияны жоқ тағамдарды пайдаланған дұрыс емес пе? Бұқараға дұрыс тамақтану үшін үгіт жүргізу қажет, ал кәсіпкерлерді жөнге салатын бап қажет. Оңтүстік өзге өңірлерге қарағанда бай асхана мәзірімен озық тұр. Бағасы да өзге аймақтарға қарағанда арзанырақ. «Дәмді қақпанға» түсіп қалмау үшін кәсіпкерлердің пайдасына жұмыс істеп жатқан жұмсақ заңды қатайту қажет деп есептейтіндер көп...

Шаурма-қауіп
Шаурмада 120 грамм май болады. Негізі, күнделікті тағам құрамында май 70-80 грамнан аспауы тиіс. Оны күнделікті тұтынған жағдайда салмақ қосу қаупі бар. Жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынып, тіпті ішек инфекциясын жұқ­тыру қаупі тым жоғары. Медиктер шаурманы асқазан-ішек жолында ауруы бар­ларға, семіруге бейім адамдарға жемеуге кеңес береді. Үш жасқа дейінгі балалар да бас тартқаны дұрыс. Ал емшектегі баласы бар аналарға мүлдем жеуге болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста