«Секс-қызмет көрсетем»: Теміртаулық әйел күйеуінің көңілдесінің атынан хабарлама таратқан
Темітаудың 49 жастағы тұрғыны күйеуін қызғанып, оның көңілдесінің атынан интимдік хабарлама таратқан деп жазады Nur.kz.
Жәбірленуші өзін қорлағаны туралы сотқа арыз тастайды. Бұл туралы іс Теміртау қалалық сотында қаралды. 49 жастағы жауап беруші алты ай бойы күйеуінің ашынасына неше түрлі хаттар жазып, қорлап келген. Оны жезөкше атап, балағаттаған.
«Жауап беруші жұмыс орныма келіп, шу шығарды. Клиенттердің алдында абыройымды төкті. Ол ғана емес, мен жұмыс істейтін дүкеннің қабырғасына «Басы бос емес, әрі ауқатты еркектерге секс-қызметін көрсетемін» деп жазып, нөмірімді көрсетіп қойған», - деп келіншек сотта шағымын айтты.
Келіншек өзіне моральдық шығын келтіргені үшін көңілдесінің әйелінен 600 мың теңге өтеуін талап етті. Алайда, жауап беруші өзін кінәлі деп есептемейтінін айтқан. Өйткені ол жаман сөздер арқылы күйеуінің ашынасының қандай адам екенін көрсеткісі келген екен. Сол себептен де әйел біреудің намысына тиіп, қорламағанын алға тартты.
Сот жауап берушіні кінәлі деп танып, оған 48 мың теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, әйел моральдық шығын келтіргені үшін жәбірленушіге 110 мың теңге төлейтін болды.