Семей қаласын Алаш деп өзгерту ұсынылды

Семей қаласын Алаш деп өзгерту ұсынылды

Қазақстан тарихшылары Семей қаласын Алаш деп өзгертуді ұсынды, — деп хабарлайды Ұлт порталы strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Алаш» мәдени және рухани институтының директоры Сұлтан Хан Аққулы мәлімдеді.

«Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын тойлауға қатысты ғалымдар тарапынан дайындалған бірқатар іс-шара бар. Оның ішінде ең алдымен Алашорда автономиясы құрылған күні оның астанасы да белгіленген болатын. Ол осы күні Семей деген атымен белгілі қала. Бірақ сол Семей қаласы Алаш автономиясының астанасы болып тұрған кезде Алаш деген атымен белгілі болған. Әлихан Бөкейхан қол қойған Алашорда үкіметінің құжаттарына қарасақ, барлығында Алаш қаласы делінген. Сондықтан бүгінгі Семей қаласына Алаш атауын беру керек деп ойлаймыз» – деді Сұлтан Аққұлы.

Айта кетейік, Парижде ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында болып өткен 38-сессиясы «мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» өзінің Атқарушы кеңесінің ұсынысын түпкілікті мақұлдады.

«Ұлт-ақпарат» 

ult.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста