Шетелге бала сатудан үшінші орынға шықтық

Шетелге бала сатудан үшінші орынға шықтық

Қазақстан шетелдіктерге бала сатудан әлем бойынша үшінші орынды алады екен. Қазақ балаларын асырап алуға азулы АҚШ азаматтары құмар. Шамамен бір бүлдіршіннің бағасы 25-30 мың доллар көрінеді.
Бүгін шенділер шетел асып кетіп жатқан балдырғандардың құқықтық мәртебелерін айқындауға тырысты. Жыныстық жәбір көрген жеткіншектердің де қоғамда ашық қорғалуын сөз етті құзырлы органдар.

Бесіктен белі шықпағандарға жыныстық жәбір көрсеткен безбүйректер күн санап артуда. 9 айда жаға ұстарлық 465 оқиға тіркелген. Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгертулерге байланысты биылдан бастап жеткіншекке көз қырын салғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

«Соңғы жылдары бала құқығын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалар өзгертілді. Педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Сот арам ойын жүзеге асыруды ойлап, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерді 15-20 жылға дейін соттауға құқылы. Ерікті және мәжбүрлі кастарция біздің елде қолданылмайды»,- деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қылмыстың алдын алу жөніндегі басқарма басшысы Алексей Милюк.

Бала сатудан үшінші орынға табан тіреген Қазақстан бүгінде АҚШ-қа 6 мың бүлдіршінді бере салған.
Шет ел асып жатқан қаракөздеріміздің де жағдайы шенділерді алаңдатады. Бала сатудан үшінші орынға табан тіреген Қазақстан бүгінде АҚШ-қа 6 мың бүлдіршінді бере салған. Бас прокуратура елімізде бала асырап алу фактісі кеміп, қайта заңсыз жолмен шарананы саудалау ісінің бірнеше есеге көбейгенін ашына айтуда.

«Баланы саудаға салу, әйелді саудаға салу барып тұрған қылмыс, адамның құқығын таптау. Практикада мұндай қылмыстар кездесіп тұрады. Жылына 2011 жылдан бастап есептегенде заңсыз адам сатқан 20-21 қылмыс тіркеледі»,- деді Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде қазақтың бөбектері 30 елге сатылған, берілген. Абырой болғанда, көптеген елге мораторий жариялағандықтан, Қазақстан бүгінде тек 8 елге баланы асырап алуға бере алады.

nur.kz

Оның өзінде балдырғандарымыздың болашағын бақылайтын комитеттің жұмысы қазір ақсап тұр,- дейді жауаптылар. Сондықтан халық қалаулылары өз елімізде жетімдерді бауырына басқан отбасыларға жәрдемақы құнын көбейтсек деген пікірде.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста