ШҚО-да 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін

ШҚО-да 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 90-нан астам елді мекенде су басу қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

 

«Су тасқынының алдын алуға және күресуге бағытталған өңірдің дайындық шаралары белгіленген жоспарды талқыладық. 10 ақпаннан су басу қаупі бар учаскелерді тексеру және облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары», - деді ол.

 

Даниал Ахметовтің айтуынша, Үлбі, Таулы Үлбі, сондай-ақ Ертіс өзенінің Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі тұсында жүргізілген аэровизуалды зерттеу жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді. Алайда мұздың қатуы байқалады.

 

Облыс өзендерінің басым бөлігіндегі мұздың қалыңдығы 2018-2020 жылдардың көрсеткіштерінен жоғары.

 

Бұқтырма өзенінде 60-тан 70 см-ге дейінгі аралықта.

 

«Қауіпті төмендету мақсатында Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 18 учаске анықталды. Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге облыстық бюджеттен бірінші кезекте жарылыс және жағалауды нығайту жұмыстары үшін қажетті қаражат бөлінетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар барлық су қоймаларындағы судың деңгейін бақылауды тоқтатпау қажет, оның ішінде «Қазсушаруашылығына» қарасты аумақтар да бар», - деді облыс әкімі.

 

Сондай-ақ бірқатар аудандарда жердің қатуы бір жарым метрге жеткен.

 

Жалпы жер қатуының орташа деңгейі өңірде 32-ден 97 см-ге дейін болса, қардың биіктігі 5-тен 40 см-ді құрайды. Бұл жердің әлі де қататынын аңғартады.

 

«Өткен жылдарда болған су тасқынын ескере отырып, әкімдерге комиссия құру және алдын алу іс-шараларын бүгіннен бастау тапсырылды. Эвакуациялық пункттерді дайындап, оларды белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтау қажет. Барлық тапсырмалардың орындалуын жұмыс тобы әр аудан және елді мекен бойынша жеке-жеке тексереді», - деді аймақ басшысы.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста