ШҚО-ның бөлінуі тұрғындар арасында қызу пікірталас тудырды

ШҚО-ның бөлінуі тұрғындар арасында қызу пікірталас тудырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Шығыс Қазақстан облысын екі бөлікке бөліп, Абай облысын құру туралы жариялағаннан кейін жергілікті тұрғындар арасында қызу пікірталас туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық арасында 1997 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарының аумағы бұрынғы шекараларында қалды деген пікір кең тараған. Бұл аймақтардың шекарасын Тарбағатай және Көкпекті аудандары бөледі. Әлеуметтік желілерде қазір Көкпекті ауданының құрамына кіретін бұрынғы Самар ауданы тұрғындарының өздерін Шығыс Қазақстан облысының құрамына қайта бөлу туралы петициясы тарап жатыр (картада - 2б).

 
Бұдан бөлек, қазіргі Тарбағатай ауданының бір бөлігі 1997 жылға дейін Ақсуат ауданы (1А) ретінде Семей облысының құрамына кірді, енді осы жерлер жаңа әкімшілік-аумақ құрамына өтуі мүмкін.

Сондай-ақ, ШҚО құрамында бұрын болған Таврия, Марқакөл және Большенарым аудандарын бөлу мәселесі туындап отыр.

 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған еді. 

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді Тоқаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста