Шылым шегуді қалай шектейміз?

Шылым шегуді қалай шектейміз?

ДСҰ мәліметінше, жыл сайын темекі кем дегенде 8 миллион адамның өмі­рін жалмап кетеді. Бұл статистиканы кеміту үшін әлем елдері түрлі шара қол­данады. Соның ішінде Қазақстанда да реті келсе, темекі бағасын кө­тереді. Ал еліміздегі темекі шегуді шектеуге шақыратын ұйымдар шылым бағасы­ның 1 доллардан аспай тұрғанын айтады. Өз кезегінде Дүние­жүзілік банк те Қазақстанда темекі бағасы төмен деп мә­лімдеген екен, - деп жазды Aikyn.kz.


Ресми деректерде еліміздегі ере­сек­тер­дің төрттен бірі темекіге тәуелді екені көр­­се­тілген. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлт­­тық орталығының қызметкері желтоқ­сан айында жаңа статистика жарық көре­ті­­нін мәлімдеді. Өйткені аталған айда дөң­­гелек үстел өтіп, те­­­­­­мекіге қарсы күре­су­дің басым бағыт­тарын айқындайды. Ал қол­­да бар де­рекке сүйенсек, елімізде 3,5 млн-ға жуық адам темекі тар­тады.

1 қорап темекі 1 500 теңге тұрса

Елімізде темекі бағасын соңғы рет 2020 жылы 1 қазанда көтерілді. Бір қорап шылымның бағасы &ndash 470 теңге. Бұл баға жыл санап өзгереді. Өйткені Қаржы министрлігі тиісті қаулыға өзгеріс ен­гізген еді. Жобаға назар ау­дарсақ, баға 2021 жылы 1 қаңтарда &ndash 500 теңгеге, 2022 жылдың 1 қаңтарда &ndash 550 теңгеге, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге қымбаттайды. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын «Nur Otan» партиясы депутат­тары темекі бағасын 125%-ға көтеруді ұсынған. Алайда Үкімет мүше­лері ба­ғаны тек 90%-ға көтеруге боларын нұсқаған. Неліктен депуттаттар мәселе бағада екенін айтқан? Расымен, баға көтерілсе, халық темекіден бас тарта ма?

 
«Иә, ел тұрғындары темекі бағасын көтерсек, мәжбүрліктен бас тартар еді. Өйткені бізде бір қорап темекінің баға­сы &ndash 1 доллар. Шетелде баға мүл­дем бас­қаша. Мысалы, Еуропа елде­рінде темекі шамамен 5 мың теңге, Жаңа Зеландияда 14 мың теңгеге дейін қымбат. Жалпы, адамдардың темекі тартуын тастауға мемлекеттік шаралар ықпал ете алады. Одан кейін адам өзін тәрбиелей алады. Ол үшін психо­терапевтің көмегіне жүгіне алады. Елі­мізде темекі тастауға көмектесетін ор­­­талықтар бар. Ересектер мен жас­өспі­­­­рімдерге темекі сыртындағы қор­қы­­­­нышты суретпен ғана бағыт бермей, лайықты іс-шара жүру керек. Бастысы, ақпараттық қолдау қажет. Те­мекі шегетін адамдардың 18%-ы жіге­рінің арқасында темекіні 1 күнде тастай алады. Ал 20%-ына психоте­­­рапевтің кө­­­мегі керек», &ndash дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коали­ция­сының басшысы Жәмила Жеңіс­­­қызы.

Оның айтуынша, елде бағаны кем дегенде 1 500 теңгеге дейін көтеру ке­рек. Бұл &ndash темекі қорабындағы үркітетін су­­­реттерге қарағанда әлде­­қайда тиімді. Бірақ темекі бағасын қымбаттату ше­телдік компаниялардың қалтасын тол­­тыруға жол ашады. Өйткені на­рықтағы те­мекінің 90%-ы шетелдік компа­­­ния­­ларға тиесілі. Сондықтан еліміздегі ұйым­­­дар мен биліктегілерге арбаны сын­­­­­­­­­­­­­­­­дырмай, өгізді де өлтір­мейтін амал ойлап табу керек.

Үркітетін суреттің ықпалы қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерде шылым сыртында оның зияны туралы ескертетін пикто­­грам­­­­ма­лар бейнеленген. Қорқынышты су­­­­реттер кейбірін үркіте алса, ендігісі назар ау­­­­дармайтындарын айтады. Темекі тар­­­татын бірнеше адамнан сауалнама жүр­­­гізгенімізде 63%-ы су­­реттерге еті үйреніп кеткенін көрсеткен. Бірақ ішінде суретті көргенде беті қайтып қалатынын, кейін­­­нен тәуелді болған соң шегетінін айт­­­­қан­­дар бар.

Ал әлем елдері Жәмила Жеңісқызы айтқандай, баға арқылы кешенді күрес жүргізеді. Мысалы, әлем елдері ара­сында Гана, Эфиопия, Нигерия, Па­нама халқы темекіні аз тұтынады. Ал Блумберг Нью-Йоркті темекі түтінінен азат ету үшін жылдар бойы жоспар құрған. Мәселен, 2002 жылдары қалада шамамен әрбір бесінші тұрғын шылым шеккен. Осыған қарап, Нью-Йорк мэрі салықты көтеріп, темекіге қарсы заңды қайта қараған. Тиісінше, қоғамдық орында темекі шеккені үшін салынатын айыппұлды көтерген. Бұл қалай іске асты дерсіз. Нью-Йорктегі қарапайым отбасына жылына орта есеппен 50-60 мың доллар кіріс кіреді. Ал оның 40 мың долларын салық төлеуге жұм­­сайды. Қаладағы ең арзан темекі 2 000 теңгеден басталады. Одан бөлек, от­басының ішіп-жемі мен киім-кешегіне ақша керек. Есептеп қарасақ, қалған 20 мың доллар жетпей қалуы мүмкін. Сол үшін Нью-Йоркте темекіні несиеге алуға болады. Отба­сындағы шығынды көбейт­пеу үшін бі­разы темекіні тас­таған деседі. Сон­­дықтан қазір аталған қалаға бара қалғандар көше бойында, көлікте темекі тартқан адамды бай­қамайды-мыс.

Сондай-ақ темекі бағасын көтеретін елдердің арасында Аустралия да бар. Бұл елде темекі бағасы &ndash 18 768 теңге. Биыл ақпан айында Аустралияда тұра­тын әжей әлеуметтік зерттеуін Facebook-те жария­лады. Ол осы темекі құнына азық-түлік жиынтығын сатып алған. Осы зерттеуі арқылы әжей ел тұрғындарын темекіге жұмсайтын ақшасын азық-түлікке жет­­кізуге бола­рын дәлелдеген. Ал ел үкіметі темекі бағасын көтерумен ха­­лықты «тез­ге» салуға боларын нұсқап отыр.

Жасөспірімдерді арашалайтын ақпарат

Елдегі темекі бағасының қол­же­­­тімдігі жасөспірімдердің де темекі сатып алуына әсер етеді. Өйткені мек­­­теп оқу­шы­­­­ларының да шылымға әуес екенін байқаймыз. Ал баласының те­­­мекі тарта­­­тынын білген ата-ана оны қыс­паққа алып, жаман әдеттен ары­­­луын қадаға­­лайды. Мысалы, темекіге енді үйір бола бастаған 16-17 жастағы баладан жөн сұрай қалсаңыз, ортаның темекі шегуіне әсер еткенін айтады. Көпшілігі 9-сы­нып­тан кейін колледжге кеткен сынып­тасының, ағасының немесе түтіндетіп тұрған көршісінің ісіне қы­зыққан соң аузы­на шылым салғанын айтады. Пси­холог Айгүлім Абдурасул­қызы да балаға алдымен ортаның әсері барын атап өтті.

«Жасөспірімдердің әдеттен тыс қы­­зы­­ғушылығының арасында темекі шегу бар. Өйткені олар психоактивті заттарды байқап көретін жаста. Ата-аналардың тыйым салып, кейде ұры­­сып әдеттен ары­­­луға үгіттейтіні бар. Бұл кейде нәтиже береді. Бірақ бұл әдіс кез келген жас­­­өспірімге «өтпейді». Ал тыйым салып, қорқытып-үркітетін ата-аналар баланың психологиясы өзгер­генін байқады ма екен? Себебі мұндай жағдай­­­дан кейін жасөспірімдер тар­­тыншақ, шегіншек болып өседі. «Мына істі жасасам біреу ұрыса ма екен?» деп өзін жегідей жеп, сенімсіз болады. Айт­­қанын керісінше іс­­­тейтін, ерегескіш келетін жасөспірімер бар. Ұрысқанды елемей, керісінше іс­­тейді. Бұлар &ndash оппозиционды мінез-құлқымен келе­­­шекте орын табамын деп ойлайтын балалар. Неліктен? Мұндай балаларға ата-ананың көңіл бөлуі, мейі­­­­­рімі жетіс­­пейді. Содан кейін бала топтан ажыра­­мау, топ арасында болуға ынта таны­тады. «Сен әлі баласың» деген сөз қат­­ты әсер етуі мүмкін. Сол үшін бала­ларды кіш­­­кентай кезінен ақпарат­­­танды­­­рып, зияны мен салдарын түсіндіру ке­­рек», &ndash дейді психолог Айгүлім Абду­­расулқызы.

Иә, психологпен әңгімеде мына сөз есте қалды. «Әкесі шылым тартып тұрып, «балам саған бұлай істеуге бол­майды» деуі ешқашан нәтиже бермейді. Ата-ана алдымен өз-өзін тәрбиелеуі керек». Осы сөзге сүйенсек, мәселе бағада, қоғамда емес, ата-ананың тыйымында болуы мүмкін.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста