Шымкентте мұғалімдер мектеп былығын жайып салды

Шымкентте мұғалімдер мектеп былығын жайып салды

Мектептегі былықты мұғалімдердің өздері жайып салды. Шымкентте №12 білім ошағының ұстаздары басшыға жаппай қарсы шығып жатыр. Айтуларынша, мектеп аттестациядан өтуі үшін әр қызметкер айлығының 30 пайызын берген. Ұстаздан бастап, еден жуушыларға дейін жүз шақты адамнан жиналған теңгені директор комиссияның қолына ұстатыпты. Алайда, комиссия ақшаны аздық еткен бе, әлде директордың қалтасында кеткен бе, әйтеуір білім ошағы сол күйі аттестациядан өтпей қалған.

Шымкенттегі №12 мектепте қаңтардан бері тыныштық жоқ. Директорға қарсы топ басшының салығынан әбден зәрезап болдық дейді. Мектеп басшысы әр 5 жыл сайын өтуі тиіс аттестацияға деп бүкіл ұжымнан айлықтың 30 пайызын беруін талап еткен. Тіпті еден жуушылар мен от жағушылар да тиын-тебендерін өткізіпті.

Дәмеш Әшекова, мұғалім:

-Телефонмен де звондайды ақшаны қашан бересіз Дәмеш апай, қашан бересіз, маған 21 мың теңге деп есептеген. Айлығым ол кезде 70 мың еді. Кейінен 64 мың қылып қысқартып тастады. Сөйтіп мен 21 мың бере алмаймын деп қыр соңымнан қалмай қойған соң қаңтарда комиссия ертең келеді деген күні 15 мың апарып бердім.

Жүз қаралы қызметкерден жиналған 2 миллионға жуық теңгені директор комиссияға ұстатуы тиіс болған екен. Бірақ 12-ші мектеп сол күйі аттестациядан өтпей қалған. Ақшадан да қағылып, тексерістен де сүрінген ұстаздар енді берген қаржысын қайтаруды талап етуде.

Нина Алимова, мұғалім:

-Директор соңғы бес жылда бұрынғы үлгілі мектептің талқанын шығарды. Үнемі ішіп келеді. Біресе анау комиссия деп, біресе мына комиссия деп мың теңге жинау әдет болғаны қашан.

Ал ұжымның жартысы директордың жағында. Сүттен ақ, судан таза деп басшыларына шаң жуытпай отыр. Екіге бөлінген ұжым ақыры шекісіп тынды.

Ал қалалық білім бөліміндегілер мектептегі жағдай жайлы мүлдем бейхабар екен.

Ынтымақ Мәдиев, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

-12-ші мектепте ақша жиналды деп отыр. Ал, бізге арыз-шағым түскен жоқ. Егер де бұл арыз-шағым бізге түскен болатын болса біз бұл бойынша зерделеу жұмыстарын жасап, сонымен қатар тиісті органдарға беріп, бұл ақша жинау мәселесі болған жағдайда біз директорға нақты тәртіптік шара қолданамыз.

Білім бөліміндегілер әлі білмейміз деп жүргенде, құзырлы органдар іс қозғап үлгерген. Тіпті, директордың ақша жинағаны жайында бейнематериалдар да бар көрінеді. Алайда директормен 5 жыл бірге істеген мұғалімдер мұнымен қоймаймыз деп отыр. Енді басшысынан әбден қажыған ұстаздар оны мүлдем білім саласына жолатпау туралы шағым жазып, оны Астанаға жөнелтпекші.

Автор: Бек Әбиев

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста