Шымкентте жазасын өтеушілер түрмедегі біраз былықтың бетін ашты

Шымкентте жазасын өтеушілер түрмедегі біраз былықтың бетін ашты

Шымкентте бір топ сотталған азамат түрмедегі заңсыздықтардың бетін ашты. Тіпті өз сөздері дәлелді болу үшін жабық мекеменің камерасында отырып, видеоүндеу жариялады.

Камераға ұялы телефон кіргізудың құны — 100 мың теңге

Шымкенттегі ИЧ 167/11 түзеу мекемесіндегі жағдайға көңілі толмаған сотталушылар бірнеше рет құзырлы органдарға шағым түсірген.

Алайда ол шағым іштен шықпай, еш нәтиже болмаған соң үш азамат түрмедегі былықтарды жұртқа жария етпек болып, бәрін бейнетаспаға түсірген. Айтуларынша, абақты ішінде көп сұрақты ақшаға шешуге болады. Мекеме қызметкерлері тіпті өздері ішке ұялы телефон кіргізіп беруге ұсыныс тастаған. Тек байланыс құралын камераға кіргізу үшін олар қомақты қаржы алып отырған.

"Мына телефонды сатып алдым. Жалпы 100 мың теңге бердім. Алдында тағы бір осындай "простой" телефон кіргізіп берген маған. Істемей қалды да, сосын оны суға ағызып жібердік. Бәрі біледі біздің телефонмен сөйлесетінімізді. Міне, қуаттығышы. Артында тағы да SIM карталарым бар",-дейді сотталушылардың бірі.

Байланыс құралын жеткізіп беруші жазасын өтеушілердің қызметі үшін алатын ақысының қымбат екенін айтқанда: "Біз бастық екеуміз бұл ақшаның барлығын қалтамызға тығады дейсіңдер ме? Біздің де беретін жерлеріміз бар" деп жауап қатыпты.

Карта бизнесі өршіп тұр

Видеода жазасын өтеушілер өз сөздері дәлелді болсын деп қолдарындағы бір-бір ұялы телефондарын көрсетеді. Ол аз дегендей, жабық мекемесінде карта бизнесі туралы сөз қозғайды. Сотталушылар түзеу мекемесінің қызметкерлерін құмар ойын арқылы оңай табыс тауып отыр деп айыптады.

"Жазамды өтеп жатқан кезде Жалғасбаев Ермек маған келіп, "картаға ойын ұйымдастырып, маған іштен ақша шығарып берші" деді. "Иә"деп алып алдым да, сіздерге заңсыз іс-әрекеттерін дәлелдеп беріп жатырмын. "Үштен бірін маған, үштен бірін "вор в законе"-ларға жіберіп отырасың" деді. "Иә-иә" дедім, "оларға мына новый SIM картамен звонда" деп әкеп берді. Мен ешкімге звондамай, сіздерге дәлелдеп отырмын", — дейді жазасын өтеуші бейнежазбада.

"Жоғарғы сот пен Бас прокуратурадан араша сұраймыз"

"Біз шындықты айтып жатырмыз. Сотталғандар телефонды, картаны, героинды, анашаны қайдан алады дейсіздер? Міне, өздері ақшаға алып келіп береді. Онда мына үш телефонды қалай кіргіземіз? Шымкент қаласы Сәуле ауданындағы ИЧ167/11 түрмесінде міне жағдай осындай" деп жанайқайын жеткізгендер түрме камераларында тұрмыстық заттар тек қағаз жүзінде деп отыр. Тамақ мәселесінде де тиісті ас-ауқат берілмейді деген түрмедегілер бейнетаспаны ҚР Жоғары соты мен Бас прокуратура, ҰҚК секілді құзырлы органдар көрсе, тексеру шараларын жүргізеді деген үмітін жеткізді.

Заңсыздықтар расталды

Төрт қабырғаның ішінде отырғандардың жанайқайына қатысты мән-жайды білу үшін Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ресми хат жолдап, жауабын алдық. Департамент басшысы Атэльбек Досмағамбетов бұл келеңсіз жағдайды жоққа шағармады. Түзеу мекемесінде тінту шаралары жүргізіліп, тыйым салынған заттар тәркіленіп алынған. Ал сотталушылар заңсыз әрекеттерін тізіп шығып, әшкере еткен мекеме қызметкерлері тәртіптік шарамен оңай құтылып кеткен.

"Бейнежазбада айтылған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде осы фактіге қатысы бар деп танылған қызметкерлер мен сотталғандарға қатысты тәртіптік шаралар қолданылды", — деп жазылған департаменттің Sputnik редакциясына берген жауабында.

Сондай-ақ, ішкі істер департаментіндегілер түрмедегі режимді қаскөйлікпен бұзушы деп танылған сотталғандардың бұл іс-әрекеттері арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің беделіне нұқсан келтірмек болғанын атап өткен. Олар болған жағдайға өкініш білдіретінін жазбаша түрде растапты.

Sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста