Таразда жер сілкінді

Таразда жер сілкінді

Тараз қаласында таңертеңгісін сағат 04:58 минут кеткенде күші 2-3 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі Қырғыз Республикасында болған зілзала күші Алматының оңтүстік-батысында да сезілген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтына сілтеме жасай отырып хабарлаған болатын.

Оқиға таңғы елең-алаңда өріс алғандықтан, көпшілік сезбей де қалған. Ал байқағандар «тек люстра шайқалып, жай ғана сезілді» дейді. Бұл – жыл басынан бері орын алып отырған екінші жер сілкінісі. Қаңтардың 24-і күні болған жер сілкінісінің бастауын да Қырғызстаннан алған еді. Жамбылдықтардың үрейге бой алдыратындары да бар. Бұдан кейін де жиілеп кете ме деген қорқыныш та жоқ емес.

Әбікен МАКЕТОВ, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары:
– Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Жердің қозғалғандығы аса сезіле қойған да жоқ. Егер 6 балдан асса, қатерлі болып саналады. Бұл жолғының ондай қатері болған жоқ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста