Тәуелсіздікті нығайтқан жоба

Тәуелсіздікті нығайтқан жоба

Бүгіндері қыс бойы жауған қалың қардың көбесі аз күнде сөгіліп, наурыз айы бойы толастамаған бірде қар, бірде селдеткен жауын салдарынан еліміздің барлық аймақтарында тасқын су көп қауіп төндіріп отыр. Табиғаттың тәлкегін қараңыз – жер бетінің ең бір сусыз аймағындағы халық топан судың зардабын шегуде. Ал ел көлемінде осындай қауіптің алдын алған, тасқын су мәселесін тиімді шешкен жоба бар ма? Бар. Ол – құрылысы былтырдан бері қолға алынған Көксарай су реттегіші.

03510

Шардарадан Көксарайға дейін
Көксарайдың тарихы Кеңес кезеңінен басталады. Ол кезде Орта Азиядағы бүкіл су ресурстарының тұтқасы одақтық Су шаруашылығы министрлігінің қолында болғаны белгілі. Олар Мәскеуде отырып, Тоқтоғұлдан қанша су кетіп жатыр, төменгі ағыстағы су мөлшері қанша, Шардараның ернеуі қай деңгейде екендігіне дейін қадағалап отыратын. Өйткені 1993 жылға дейін аймақтағы жыл сайын түзілетін 170-180 текше шақырымдық су қоры суармалық негізде пайдаланылып келді. Аймақтық ирригациялық гидротехникалық нысандар Сырдария, Нарын, Қарадария, Шыршық өзендері бойында құрылды. Ал Нарын-Сырдария су бассейнінің ағысын бес суқоймасы реттеп отырды. Олар – Тоқтоғұл (Қырғызстан), Шарбақ, Әндіжан (Өзбекстан), Қайраққұм (Тәжікстан) және өзіміздің Шардара суқоймалары болатын. Халық шаруашылығына септігін тигізіп, Кеңес Одағының мақта мәселесін шешіп берген (өйткені мақта – тек киім-кешек емес, әскери-қорғаныс саласында пайдаланылатын стратегиялық материал) бұл кешен 1992 жылға дейін тиімді жұмыс істеп келді.

Көксарай су реттегіші әуелде осыдан 40 жыл бұрын салынған Шардараны жасау кезінде-ақ жоба ретінде ұсынылған екен. Ал Шардараны жобалаған «ТашГидропроект» институты өздеріне тартып, тасқын суларды Арнасайға жиналатын етіп жоспарлайды. 1969 жыл биылғыдай қарлы болып, су тасыған кезде, 1969 жылдың ақпаны мен 1970 жылдың ақпаны аралығында Шардарадан апатты жағдайда 21 текше шақырым су ағытылады да, ол Арнасайға құлатылып, қазіргі көл сол кезде пайда болды. Содан бері көктемгі тасқын су ойпаттың құмына сіңіп, Аралға жетпей келеді. Арнасай пайда болғаннан бергі уақытта оған шамамен 60 миллиард текше метр су кеткен екен.
Әйтсе де Көксарай жобасы еліміз тарапынан жалғаса берді: 1980 жылдары Шардара суқоймасының құрылысын жетілдіру жұмыстарының екі кезеңі бітіп, бірақ Көксарайға қатысты үшінші, төртінші кезеңдері аяқталмай қалады. Еліміз 1991 жылдан кейін де талпынысын жалғастырды, қазақстандық мамандар өз жобаларын жасады. 2001 жылға қарай Көксарайдың техикалық-экономикалық негіздемесі дайын болды. Қазіргі құрылыстың негізіне де осы жоба алынып отыр.

Ортақ өгізден оңаша кетпен артық па?
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін аймақтағы әр ел өз жеріндегі судың қожасына айналды. Аймақтағы елдердің су ресурстарын бірлесіп игеруіне арналған 1992 жылғы Ақпан келісімдері, Нөкіс декларациясы қабылданғанына қарамастан, Қырғызстан мен Өзбекстан өз дегендеріне көшті. Алдымен Қырғызстан Тоқтоғұлды энергетикалық режимге көшірді. Қыс кезінде артық электр энергиясын өндіру үшін 9-10 текше шақырым су жіберетін болды. Ал 2000 жылдары Өзбекстан жағы халықаралық нормаларды бұза отырып, ешкімге ескертпестен, Арнасайды буып алды да, жылына 500-600 миллион текше метрден артық су қабылдамай қойды. Қазақстан қиын жағдайда қалды: қыста су тасқынынан зардап шекпес үшін Қырғызстанға, көктемде «Арнасайға су қабылда» деп өзбектерге жалынуға мәжбүр еді. Ақырында көнбістігімізді жеңіп, былтыр құрылыс жұмысын қолға алдық. Өйткені Көксарайды салу қаншалықты қымбат десек те, осыдан үш жыл бұрынғы су тасқынының зардабы 130 миллион долларды құрады.
Ал аймақтық Су консорциумын құру жобасы сол күйінде қалды. 2004 жылы Өзбекстан төрт жақты хаттамаға қол қоюдан бас тартты. Әйтсе де бұл жоба – Су консорциумына қарсы бағытталған шара емес. «Мен аймақтағы әріптестеріммен келіссөздер өткіздім. Олардың бұл мәселедегі көзқарастарын ескере отырып мәлімдеймін: Көксарай су реттегіші Орта Азиядағы бірлескен су-энергетикалық консорциумға ешқашан қарсы қойылмайды. Консорциум құру мәселесі бойынша келіссөздер жалғаса береді, көрші елдермен достастық қатынастар жалғаса беруі керек. Бұл – Елбасының тапсырмасы. Бұл – аймақтағы мемлекет басшыларының бірлесе қабылдаған шешімі», – деп мәлімдеген болатын Кәрім Мәсімов.

Көксарайдың тиімділігі неде?
Біріншіден, аймақтың су мәселесіндегі тәуелсіздігіне қол жеткіздік. Қызылорда облысы аумағын су тасқынынан қорғайтын гидротехникалық кешен құрылды. Сыр бойына жағалай қоныстанған ел қауіпсіздігі, Кіші Арал мен Сыр бассейніндегі көлдер жүйесін тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуде үлкен қадам жасадық.
Екіншіден, Көксарай гидротехникалық жобасында ирригация, балық өсіру, егінге су беру, шабындық жерлер мәселелерін ұштастыра шешу көзделген. Демек, Қырғызстаннан келетін артық суды қыста жинап алып, жаз бойы суғаруға пайдалануға мүмкіндік бар. Нәтижесінде, 300 мың гектар суармалы егістік жер мен 400 мың гектар шабындық, жайылымдық жер халыққа беріледі. Егер мақсатты түрде су тартылатын аймақта қажетті шөптер тұқымын еге білсек, бұл жерде тұтас облыстың жем-шөп базасын құруға болады.
Үшіншіден, Көксарай экологиялық апат туғызбайды. Оның жұмыс істеу ырғағы 4 ай: 2 ай – су жинау, 2 ай – су жіберу циклынан тұратынын ескерсек, орасан зор су көлемі көп көлемде буланып, не жерге сіңіп, аймақты батпақтандырып, жер асты суларының деңгейін көтереді деп біржақты айта алмаймыз. Керісінше, су айнасы жергілікті жердің микроклиматын жақсартуы мүмкін.
Төртіншіден, Көксарай Шардара суқоймасын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ондағы су электр сансысынан жылына қосымша 9 миллиард теңгенің электр қуатын өндіруге мүмкіндік бар.
Бесіншіден, бұрын өзбек жағы қолындағы көзір ретінде пайдаланатын Достық каналының мәселесі де шешіледі. Егер Шардарадан насоспен су айдайтын гидрокешен салынса, жазда өзбектерге су жағынан толықтай тәуелді Мақтаарал ауданын да тапшылықтан құтқарамыз. Мұнда да Көксарайдың атқаратын рөлі зор.

Ең бастысы, бірінші кезегі жақын күндері аяқталып, тұсауын Елбасы өзі кескелі отырған Көксарай су реттегіші Тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған баға жетпес сыйлық болды. Өйткені көршілердің қысастығынан қорғайтын, халыққа игілік әкеліп, оның бүгіні мен ертеңіне жұмыс істейтін мұндай жобалар Тәуелсіздігімізді нығайтудың бірден-бір кепілі болмақ.

Мәселенің геосаяси кілтипаны
Әрине, «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» екені белгілі. Әйтсе де су мәселесіне аймақтық деңгейден келген кезде ескермеуге болмайтын мәселелер бар. Мысалы, АҚШ-тың Әлемдік банк қолдап отырған жобасы бар көрінеді. Ол «Катаран-1000» деп аталады. Америкалықтар қырғыздың Тоқтоғұлынан Өзбекстанды басып өтіп, Тәжікстанның Нүрек ГЭС-ін қоса алып, Ауғанстан мен Пәкістанға жоғары кернеулі электр желісін тартпақшы. Қазірдің өзінде қырғыздар мен тәжіктер бірқатар меморандумдарға қол қойып отыр. Желі жүйесінің толыққанды иесі америкалықтар болмақ. Ал қожайын өз білгенін істейді: қыста бар суды қуат өндіру үшін ағызып жіберіп, жазда төменгі елдерге тамшы су жібермей, су жинақтау режиміне көшуі мүмкін. Мұндай жағдайда он Көксарай салсаң да, жетпейді. Аймақтағы миллиондаған адам апатты жағдайда қалатыны анық.
Демек, аймақ елдері сыртқы күштерді ескере отырып, аймақтық қауіпсіздік мәселесін бірлесе шешіп, біртұтас су саясатын ұстанып, ауызбірлігін күшейтуі тиіс.

Көксарай су тоспасы
Су қабылдау мүмкіндігі – 3,0 текше шақырым;
Пайдаға асатыны – 2,5 текше шақырым.
2. Су айдыны алып жатқан алаптың ауданы – 466,0 шаршы шақырым.
3. Жобаның құрамы:
Сырдария өзеніндегі бас су торабы – секундына 1800,0 текше метр;
Су келетін тораптың су ағызу бөгеті – секундына 500,0 текше метр;
Орташа тереңдігі – шамамен 6,4, ең терең жері – 10,4 метр;
Су қоймасының бөгеті – 44,7 шақырым;
Бөгеттің орташа биіктігі – 7,7 метр;
Су кетіретін тораптың су жіберуі – секундына 500,0 текше метр.
Жоба құны – 52 миллиард теңге;
Тартылатын жұмыс күші – 10 мың адамға дейін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста