Теңдік пе әлде сыйластық па?

Теңдік пе әлде сыйластық па?

«Гендер» деген ұғым көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады.

«Қыз бала оқып, жұмыс істеп, карьера жасаса, оның қоғамға пайдасынан көрі зияны тиеді, бала тауып, ұрпақ тәрбиелемей, керісінше, өз қамын күйттеп, ер адамға бағынбайды» деген сынды түсінік қалыптасқан. Шындығында солай ма?

Әуел баста гендерлік саясат батыстағы феминистік қозғалыстан бастау алғаны белгілі. Өйткені, Батыс елдерінде бір кездері ер мен әйелдің арасында теңсіздік белең алды. Бірдей қызмет істейтін ер мен әйелдің жалақыларында айырмашылық болатын. Әйелдердің кейбір қызметтерді істеуіне тыйым салынды. Кейбір елдерде әйелге көлік жүргізуге болмайды деген секілді теңсіздіктің басқа да көріністері болды. Ал біздің қазақ қоғамында ер мен әйел арасындағы өзара сыйластық, теңдік ежелден-ақ қалыптасқан. Бұл тарихтан белгілі. Қазақ тарихында небір ұлға бергісіз батыр қыздар өтті. Ел басқарған аналар, дана әжелер мен енелер, хандар мен батырлардың жарлары қоғамдағы барлық өзекті мәселеге атсалысып отырған. Бұл туралы белгілі  саясаттанушы Дос Көшім қазақ қоғамындағы әйелдердің орнына қатысты жиындардың бірінде нақтылап айтқан болатын. «Қазақстанда әйел адамның қызметіне байланысты заң бойынша ешқандай шектеу жоқ. Өзінің мүмкіндігі, қабілеті сай келсе, жол ашық. Қазақ әйелдері үйдің, бала-шағаның шаруасымен ай­налысады да, саясатқа ұмтыла бермейді. Өркениетті елдер қараңғы деп есептейтін Шығыста әйелдердің құқықтары екінші орында деген түсінік қалыптасып қалған. Бұл қате түсінік. Қазақ халқы әйелдерді әрдайым жоғары қойған. Әйел адамдарды, аналарды үлкен құрметке лайық көрген. Батыс елдеріне қарағанда, Шығыстан, Азия елдерінен әйел басшылар көп шыққан. Қазақ тарихында да ондай мысалдар жеткілікті. Бізде билік басына қыз-келіншектердің келуіне ешкім кедергі келтірмейді. Мемлекет тарапынан да, дәстүріміз бойынша да  шектеу немесе теңдік бермеу деген мәселе жоқ», – деген еді ол.

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты мамандарының анықтамасы бойынша, гендер деген – әйел мен ер адамның қарым-қатынасы. Ер мен әйел арасында қарым-қатынас қандай жағдайда үйлесімді, тең болады. Осы мәселеге тереңірек үңіліп көрейік.

Қазіргі кезде еркектер істейтін шаруаны әйелдер де істей алады. Елімізде саясатпен, бизнеспен айналысып, қоғам өміріне белсене араласып жүрген аруларымыз бен іскер әйелдер жетерлік. Тіпті, кейбір қыз-келіншектер еркектерге тән спорт түрлерімен де айналысып жүр. Ауыр жұмыстарды да нәзік жандылар атқара береді. Сондай-ақ, қазіргі кезде әйелдердің өзін-өзі дамытуға, түрлі тренингтерге қатысуға, өзінің жеке ісін дөңгелетуге деген  құштарлығы қатты артқан. Тренингтен тренинг қоймай қатысып жүрген әйелдерге «Мақсатыңыз не?» деген сауал тастағанымызда, көбінің жауабы «Ақша тауып, күйеуімнен тәуелсіз болғым келеді, өзімнің қалаған дүниелерімді қысылмай алсам, балаларыма жағдай жасасам, шет елге саяхаттасам» деген сипатта. Ал ер адамдардың көбі әйелдерінің қанағатшыл болғанын, бала-шағаның қамына басымдық бергенін қалайтыны шындық. Дегенмен, ерлердің арасында әйелінің білім алуына, әдемі болып жүруіне, тек қазан-ошақтың қасында ғана емес, өзінің қасында да жарқырап жүруіне жағдай жасайтындары да көбейіп келеді.

Өз кәсібін дөңгелетіп отырған 22 жастағы Әсел Асқарқызы жақында үшінші баласын дүниеге әкелді. Ол бүгінде кондитерлік тәттілер мен торт пісірумен айналысады. Әлеуметтік желіде де белсенді. Оның айтуынша, әр әйелге жанындағы жары қолдау білдіріп, бастаған ісіне көмектессе, отбасында түсіністік те, бақыт та болады. «Менің курсыма қатысатын әйелдердің көбі «торт  пісіруді үйренейін десем, күйеуім курсқа қатысатын ақша бермейді», «әлеуметтік желіде белсенді болуыма күйеуім рұқсат етпейді» деген секілді сырларын жазып жатады. Меніңше, қазіргі кезде дамимын, кәсіп жасаймын деген әйелдің бәрі іскерлікке бет бұрып, отбасын қараусыз қалдырады деген түсініктен арылуымыз керек. Кез келген қыз бала тұрмысқа шығып, бала сүйгісі келеді. Отбасының ұйытқысы болумен қатар, олар жұмыс істеп, күйеуіне болысқысы келеді. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.  Ер адамдар әйелінің дамып, жаңа деңгейге көтерілгеніне қуану керек және өзі де сондай жанға жақсы жар болуға неге ұмтылмасқа», – дейді ол.

 Әлия МҰРАТҚЫЗЫ, психолог

 Теңдіктің төресі

 – «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көбейді. Отбасылық тирандар әйелдер мен балаларға күн бермейді» деген ақпараттарды естіп жатамыз ғой. Бұл – әйелге меншігі ретінде қарайтын, өзінен асып кеткенін қаламайтын еркектердің ісі. Ер әйелінен бір саты жоғары болғысы келсе, олар да дамуға, білімін тереңдетуге ұмтылсын. Әйелді ұрып-соғу, қызғану, жылату арқылы үстем болғысы келетін еркектердің кесірінен елімізде әйел теңсіздігі үшін шырылдаймыз.

«Еркектер әйелді көзбен жақсы көреді» дейтін сөз бар емес пе? Ендеше, әйел адам неге сұлу болуға ұмтылмау керек. Бәрі демеймін, бірақ кейбір жігіттер қыздарды «ақшасы бар жігіттерге қарайды, киімі жұпыны жігітті менсінбейді» деп айыптайды. Егер ер адам қыз-келіншектерге жағдай жасай алмаса, онда несіне қорғанымыз, тірегіміз бар деп мақтанамыз.  Әйел адам өзінің тұрмысын жақсартқысы келсе, оған кінәлі емес. Тәрбиелі, қанағатшыл, ақылды қыз сәнді киінгісі келмейді, қымбат әшекейге қызықпайды, саяхаттағысы келмейді деп кім айтты? Егер ері құрметке лайық болса, әйелі өз міндетін дұрыс атқарса, отбасында әркім өз орнын білсе, теңдіктің төресі осы деп ойлаймын.

Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста