«Теріс ағымдағы сектанттың депутат болуына қарсымын» - қоғам белсендісі
Бекболат Тілеухан теріс ағымда болғанын неге мойындамайды? Бұл сақалдының заңға қайшы бірнеше әйелге үйленіп, өз кішкентай қыздарының құқығын таптап араб қаптарына тұмшалап жүргенін барлығы біледі. Депутат бола тұра, бұл адам зайырлы мемлекеттің заңдарын таптап, мойындамай жүр.
Қоғам белсендісі Әмина Смағұлова теріс діни ағымдардың ықпалында жүрген кейбір адамдарды биік мінберден сөйлетіп, халыққа ақыл айтқызып қойғанды тоқтататын уақыт келді деп санайды. Ол сонымен қатар сәлафизм сектасының белді уағызшылары Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков секілділердің депутат болуына қарсы екенін білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, олар өз қызметтерін басқа мақсатта пайдаланып, яғни заңсыз миссионерлерлік қызметпен айналысып жұртты зомбиға айналдырып отыр. 
«Теріс ағымдағы сектанттың депутат болуына қарсымын!!!
Мұхамеджан Тазабек адасқанын мойындап қателескенін айтты. Бірақ ол сәлафизмге қарсы бірде бір бағдарлама жасаған жоқ, әлі күні өз-өзін мақтаумен әлек. Тазабектің ұяты жоқ, әрине.
Ал депутат Бекболат Тілеухан теріс ағымда болғанын неге мойындамайды? Бұл сақалдының заңға қайшы бірнеше әйелге үйленіп, өз кішкентай қыздарының құқығын таптап араб қаптарына тұмшалап жүргенін барлығы біледі. Депутат бола тұра, бұл адам зайырлы мемлекеттің заңдарын таптап, мойындамай жүр.
Сәлафизм сектасының белді уағызшылары Бекболат пен Тазабек қаншама жастардың санасын улап (заңсыз миссионерлерлік қызметпен айналысып), зомбиға айналдырып тастаған еді. 
Бұлардың кесірінен сектант боп кеткен жастар адасқандарын түсініп, сәлафизмді тастап, дұрыс жолға түсе ме?», - деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол сектанттардың арбауына түскендердің ешқашан бұрынғы қалпына келмейтінін айтады.
«Жоқ, әрине. Өткен жолы «Неге» бағдарламасына қатысқан Ардабек Солдатбайдың тағдыры соған дәлел. Олар енді теріс дінмен уланған ауру адамдар.
Ал сәлафизммен уланып Сирияда қырылған жастардың обалы кімде? Байдан байға тиіп, балаларын сүйрелеп жүрген салафит әйелдер мен олардың жетім балаларының обалы кімде?
Соншама адамды адастырып, сектаға тартқан қылмыскерлер неге жауапқа тартылмайды? Неге олар түк болмағандай, тәлім трендін, ұлттық тәрбие т.б сандырақтарын тықпалай береді?», - деп атап өткен жазба авторы.