Төсек төңкерісі керек пе?

Төсек төңкерісі керек пе?

Шетелде төсек төңірегіндегі тірлік ашық тақырып болса, бізде бұл жабық тақырып. «Ұят-ай»-дың айналасындағы әңгіме. Әрине қазақ қызы инабатты болсын, ибалы болсын, бұйығы болсын, бірақ мәселе отбасына, еріне келіп тірелгенде ұят мәселесін жиып қойған дұрыс сияқты. Тура мағынасында. Бұлай деуімізге себеп: бүгінде ажырасушылар көп. Шала тағдырлы болып, жалғыздан жалғыз жылап жүргендер жетерлік. Неге ажырасты дегенге келсек, барлығыныкі бір жауап: «мінезіміз үйлеспеді» дейді. Бақытты отбасы болып, алтын тойларын атап өткендердің барлығының да мінезі сәйкес келіп жетісіп тұрғаны шамалы. Оларды бір төсекке арқандап қойған ең әуелі кешірімшілдік сынды асыл қасиеттер болса, ең бастысы төсектегі үйлесімділік деп ашық айтқан дұрыс секілді. Өйткені іргесін ажыратып жатқандардың барлығы да «төсекте үндестік таба алмадық» деп айта алмайды. Өйткені бұл бізде ұят саналады.
Есімі елге белгілі жазушы апайымыз айтып еді кезінде: «Қазақ әйелі ерін қалай ұстауды білмейді. Бұйығы болып қалған. Өйткені келін болып түскенінен бастап ата-енесімен бірге тұрады. Бір үйде емін-еркін жүре алмайды, төсекте дауысын шығарып тояттана алмайды, ерлерін еркелете алмайды. Тым еуропаланып кеткен елдердің тәмсілі бар ғой: «Көшеде ханшайым бол, асханада нағыз бесаспап аспаз бол, ал төсекте нағыз жезөкше бол» деген. Жезөкше дегенде әркімнің астында иленуді емес, бұл жерде төсекте еркекті қалай тояттандыру мәселесін айтып отыр. Яғни, қазақ әйелі төсектегі тоят мәселесіне келгенде сүрініп жататыны анық. Ұяты жібермейді. «Жолдасым не дейді, «көпті көргенсің ғой» деп айта ма деп қысылады. «Қайдан үйрендің?» деп бәле жаба ма деп өзін тоқтатумен болады. Ал сайып келгенде ертеңгі күні еркегі өзге әйелге кетіп қалса, ең алдымен өзін кінәлаудан бұрын сол әйелді қаралауға құмар келеді. Расында «еркегі өзге әйелдің қай жеріне қызықты? Бұдан қай жері артық?» өзін өзі тергеп басы қатады. Мүмкін ол әйелдің төсек «тербелісінде» тәжірибесі мол шығар? Кім білген? Еркек қай жерде өзіне ыңғайлы сол жерге құмар келмей ме? Тіпті бал-шағасын да, ағайын туысын да сол бір жалбыршаш үшін тәрк етпей ме? Бұған кім кінәлі? Сондықтан да екеудің арасындағы тоят мәселесінде ұяттың көбесін сөгіп, ысырып қойған абзал. Әлбетте көшеге шығып, жүргіш боп кетсін деген сөз емес. Оған көрнекі құрал жетіп артылады. Ғаламторда арнайы курстар бар. Ол жетпесе кітап арқылы да секстегі көңіл көкжиегін кеңейтуіне болады. Сан түрлі сылтаулардың барлығын жиып қойып, қазақ әйеліне оянатын кез келді. Ері ертеңгі күні өзгенің босағасына барып телмеңдемеуі үшін ең алдымен төсектегі тірлігін бірінші орынға қойып, реттеп алсын» деп еді. Ащы айтылса да бұл шындық.
Мектеп қабырғасында жүргенде 80-90-шы жылдары Ишанбай Қарақұловтың «Қырық сұрақ» деген кітабы шығып, оқушы біткен оқуға құмартып қырылып қала жаздағаны. Төсек темасын қаузаған сол кітап мұқабасының дал-далы шыққанша қолдан қолға тимей бүкіл мектеп оқушыларының «көзін ашқаны» рас. Мұғалімдер бойжеткен ауылына аяқ басқандардың бәрін «Қыздар жиналысына» салып, «Ол кітапты неге оқисың?» деп тергеуге алып әбден «сенсация» болған кезінде. Расында бұл кітап сол кезде қоғамда қызу талқылауға ұласқан тың жаңалық болғаны рас-тын. Өйткені ұяттың ауылынан алыстамаған қазекем үшін төсектегі тірлікті әңгіме ету өліммен тең болатын. Егер алда-жалда біреу осы тақырыпқа тамызық тастаса масқара жүріскер деген атау таңып, көпшілік теріс айналатын. Осылайша қараңғы қазақтың «көзін ашқан» осы кітап еді. Одан бері де көзі ашылып, көкірегі оянған қоғам түрлі революцияны, оның ішінде сексуалдық революцияны бастан өткерсе де қазақ әйелінің дәл осы тарапта оқыған тоқығаны артып кеткен жоқ. Кейбір тым еуропаланып кеткендері болмаса былайғы басым жұрттың таным түсінігі әлі тас дәуірінде жүр. Нәтижесінде ойраны шыққан отбасы, шайқалған шаңырақ. Дегенмен де бар кінәні төсекке әкеп таңып қойғанымыз болмас. Бірақ та ажырасудың ең басты кілтипаны осы екеудің төсекте тән тояттандыра алмауы дер едік. Бұл ашық айтылмайтын болғандықтан, көбіне басқа мәселелердің көлеңкесінде қалып кете беретіні рас. Енді не істемек керек? деген сыңайда сабаудай сауал туындайтыны ақиқат. Бұл орайда шаштыларымыз білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырса да аздық етпейді.
Еліміздегі андрлог мамандар соңғы 4 жылда 12 мыңдай әйел адамға сұрау салған, нәтижесінде олардың тең жартысының өз күйеулеріне көңілі толмайтындығы анықталыпты. Сол 12 мыңның 44 пайызы айына бір рет қана төсек бүлкілін сезінеді екен. Бұл қасірет дейді мамандар. Өйткені төсек көрген әйелге бұл өмірлік қағидаттарының бірі болуы қажет деп санайды. Соңғы жылдары көбейіп кеткен сүт безі қатерлі ісігі, жатыр ісігі сынды апаттардың дәл осы төсек қатынасының тым аздығынан болатындығын көп дәрігерлер жоққа шығармайды. Демек, көк көрпенің бүлкілі демографиялық дүмпу туғызбаса да ең болмағанда қатерлі аурулардың алдын алуда пайдасы бар екен. Демек ақжаулықтыларға «Алға!» деуіміз керек сияқты. Ал еркектерге: әңгіме бөлек... Әйелдің төсекте тәжірибесі аз болғандықтан еркегі сыртан қызық іздеуі мүмкін. Ерік жігері мықты еркек өз әйелін төсек ырғағына үйретіп алады. Ал «төсек тәлімгері» болғысы келмегендер өзге тәжірибесі мықтыларға елітуі мүмкін. Ерінің өзгеге «жібін үзбеуі» үшін, соған апаратын соны соқпақты салып бермеу үшін барынша бәрін үйренуге тура келеді. Төсекте тоят алу шеберлігін меңгеру – сүйіктіңіздің ынтасын арттырып, оның жаныңыздан жоғалмаудың басты ұстыны болмақ. Еркектердің көпшілігі «күнделікті ет жей беру жеріндіреді, манты, пүшпара, палау да жеп тұру керек» деген қағидасы осыған саяды. Сондықтан да бір-бірінен айнымайтын сұрықсыз қалып-күйде көрпе асты ойынын ойнауды өзгертіп, түрлі іс-қимыл әрекеттерін түрлендіріп отыру қажет. Еріңіз жерініп кетпеуі үшін. Бұл сексопатологтардың ұсынысы. Өмірде де, төсекте де екеуара үндестік табудың ролі ерекше. Одан ұялудың қажеті жоқ. Бәрі де сүйіктіңіздің көңілінен шығу үшін жасалатын амал әрекеттер.
Бүгінде іргесін бөлушілердің қатары көбейіп бара жатқандығын жоғарыда айттық. Осы сандардың қомақтылануына көп үлес қосу осы ер азаматтарымыздың үлесіне тиеді. Кей жағдайда еркектердің төсекте әлсіздігі әсер етсе, бір жағына тым беріліп кетуі де кесірін тигізіп жататындығы рас. Бұлай деуімізге себеп: соңғы әлетте дәріханаларда еркектің сексуалдық белсенділігін арттыратын дәрілерге сұраныстың тым артып кеткендігі. Белінен бедел кеткендер бүгінде «Левитра», «Молодец», «Аликапстың» көмегіне жүгініп жүр. Табиғи түрде болмаған соң әрине оны тым пайдалы деп ешкім де айта алмайды.
Еркек өзінің табиғи күшімен әйелін төсекте қанағаттандыра алмай жатса, онда ол залалсыз, мейлінше табиғи жолмен алынған жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді арасын ұзатып барып қолданса болады дейді кей дәрігерлер. Ең ескерерлігі: бұл дәрі-дәрмектерді тек арнайы маманның кеңесімен ғана қолдану тиіс деп санайды. Жасы ұлғайғандардың еркектің қуаты қайтатыны белгілі, мұндай жағдайда күш қуатты арттыратын ет, жұмыртқа, жаңғақ, әсел сияқты ақуызға бай, құнарлы тағам түрлерін пайдаланғаны дұрыс. Жыныстық қабілетімді арттырамын деп кейбіреулер төсек қатынасында белсенділікті арттырады деп героин, кокаин, апиын сияқты есірткі заттарын қолданып жатады. Бұл есірткі заттар жыныстық қабілетті жоймаса, арттырмайды. Әрине еркектік қабілет атқылап тұратын вулкан емес. Жас кезінде бойға сыймай буырқанса уақыт өте келе күші қайта бастайды. Әлем ғалымдары мойындаған мәселе: бүгінде еркектердің төсектегі (қоғамдағы емес) белсенділігі төмендеп барады. Оған әсер ететін себептер көп. Ең бастысы – ер адамның белінен бедел кетуі. Беделдің «белінен шойырылуына» үлес қосатын нәрселер ол – түрлі жыныстық аурулар, есірткінің құлы болу, арақ ішу, темекі тарту, құмар қандыратын жасанды дүниелерді пайдалану. Соның ішінде ең қауіптісі бел қуатын арттыратын түрлі қоспалары бар дәрі-дәрмектер. Бірақ көбіне оның бір сәттік қана ләззәт сыйлайтынын қаперде ұстана бермейді. Ал уақыт өте келе тарттырар азабы да аз емес. Десек те, еркектік қуатты қайта қалпына келтіру үшін табиғи дәрумендер яғни жеміс жидектерді көп тұтынуға кеңес береді. Желкілдеген жиырма бестен өткен соң, орда бұза алмай омалып, қырықтың қырқасынан да аса алмай қалатындар көп. Әрдайым бабында болу үшін табиғи дәрумендер – әсіресе сәбізді көбірек тұтынған жөн екен. Инкубаторлық емес, үй тауығының жұмыртқасын шикілей ішудің де көмегі көп. Ал қазы-қартаның алар орны ерекше екені әмбеге аян. Кәдімгі грек жаңғағы, таза бал, банан, қырыққабат, алма, шабдалы жеген де пайдалы. Сондай-ақ, бұрындары ата-бабамыз атқа көп мінген ғой бүкіл тірек қимыл қозғалыс табиғатына қосар үлесі мол. Әрі массаж, әрі ем. Дәрігерлер неге велосипед тебу керек деп айтады, бұрынғы жылқы мінген қазақ шайтан арбаны да жатсынбаса керек. Белден төменгінің бәрі де қимыл қозғалыста болатындықтан мұны мықты массаж десе де болады. «Еркектік белсенділікті арттырады» деген жарқыраған жарнамаға да сене берудің қажеті жоқ. Ең бастысы кездейсоқ кездесулерден бойды аулақ салып, қуатты арттыратын дәрілерді үнемі пайдаланудан сақ болу қажет. Бастысы спорт қой.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста