"Төсекте қауқарсыз": Белгілі журналист еркектердің белсіздігін айтып, дабыл қақты

"Төсекте қауқарсыз": Белгілі журналист еркектердің белсіздігін айтып, дабыл қақты

Отандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбай елдегі ер адамдардың денсаулығына алаң білдіріп, дабыл қақты. Оның айтуынша, түнде әйелінің көңілінен шыға алмаған еркектер саны артқан. Алайда, жалған намысқа басқан көпшілігі мұны мойындағысы, сырқаттан емделгісі келмейді.

 

Ал ер адамдардың белсіздікке ұшырауының басты себептерінің бірі – тамақтағы дәрумендердің аздығы мен табиғи өнімдердің жоғалуы. Осы орайда, журналист ер адамдардың күш қуатын арттыратын бұғы мүйізінен алынған қанның артықшылығына тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

"Қазір табиғи өнім жоқ. Өкінішке қарай, біз қолданатын өнімдердің құрамында дәрумен аз, құнарсыз. Жасанды қоспалар көп қосылған. Соның салдарынан, денсаулығымыз сыр бере бастады. Әсіресе, ер адамдардың белсіздігі басты проблемалардың біріне айналды. Мәселен, бір танысым жеті жылдан бері бала сүйе алмай жүр. Алғашында бәрі әйелден көреді ғой, ал емделе келе, еркекттің белсіз екені анықталды. Ұрығы әлсіз. Бүгінде олардың бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Беделді дәрігерлерге көріну үшін Шымкент пен Алматы арасын талай рет жол қылды. Бұл тек бір ғана мысал. Ал еркектің әлсіздігінен ойран боп жатқан отау қаншама? Өкініштісі сол, қазақтың ер азаматтары өз қателіктерін мойындағысы келмейді. Дәрігерге көрінбейді, белсіздіктің алдын алмайды. Осының кесірі көпке тиіп жатыр", - дейді журналист.

 

Бүгінде Нұрсейіт еркектердің денсаулығын реттеуді шындап қолға алған. Ол әйел адамдар гинекологқа қаралып, жыныстық аурулардың алдын алу үшін күтіну жолдарын қалай жолға қойса, ер адамдардың да осыны үрдіске айналдырғанын қалайды.

 

"Жақында табиғи жолмен дайындалған "Аламан көрпешесін" нарыққа шығарған едім. Сұраныс көбейді. Тіпті, жасы біразға келген ел ағаларының өзі төсектегі қуатын арттыру үшін тапсырып беріп жатыр. Ер адамдардың мұндай дүниелерге зәру екенін ескере келе, Алатау маралы мүйізінің қанынан емдік дәрі дайындауды қолға алдым. Бұғы мүйізінің қаны еркектер үшін таптырмас құрал екенін ең алдымен анықтаған қытайлықтар екен. Бұғы барлық дәруменді өзінің мүйізіне жинайды. Ал маусым, шілде, тамыз айларында бұғының мүйізі алынып, ішіндегі қан пайдаға асырылады. Ерте заманда пантокринді тек бай және бақуатты адамдар пайдаланған. Елімізде бұл шаруашылық Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында жолға қойылған. Бірақ ауыл арасы алыс болғандықтан, кез келген адамның жолы Қатонға түсе бермейді. Сол себепті, Алатау маралынан пантокрин өндіре бастадық. Бүгінде сатып алушылар қатары өте көп", - дейді ол.

 

Нұрсейттің басты тілегі – болашақ ұрпақтың көбеюіне бірден бір себепкер ер азаматтардың аттан түспегені.

 

"Өкінішке қарай, түнде төсекке жарамсыз еркектердің көбейгені бізде үлкен проблеманың барын айғақтайды. Әйелінің көңілінен шыға алмаған соң, ажырасу, айғай-шу мен жанжал басталады. Сондықтан, ер адамдардың денсаулығына атүсті қарамайық", - дейді журналист.

 

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Алматы көшелерінің бірінде кофе ұстап тұрған қазақ батырының суретіне шүйліккен болатын. Көпшілік креативке балаған бұл кескін журналистің намысына тиген.

 

Сонымен қатар, бұл суретке тележүргізуші Мақсат Толықбай да пікір білдірген еді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста