Түркістан облысында Газель жүргізушісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Түркістан облысында Газель жүргізушісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Кезекті жұмыс күні Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 00:40 шамасында Атакент кенті көшелерінің бірінде жарық шамын жақпай келе жатқан «ГАЗ 3302» маркалы көлік құралын тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның алкогольдік ішімдік ішіп көлік құралын басқаруына күдік туындап, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде жүргізушінің көлік құралын ішімдік ішіп басқарғаны анықталды.
Осыған байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. Сонымен қатар көліктің жарық шамын жақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен хаттама толтырылды. Осылайша тәртіп сақшыларының кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында соңы адамдардың өлімімен немесе қандай да бір орны толмас қайғылы жағдайға аяқталуы мүмкін жол қозғалысы ережесін бұзу жайты уақтылы тоқтатылды. Жалпы 2022 жылы мақтааралдық полицейлермен мас халде көлік басқарған 39 жайт анықталып, тиісті жауапкершілігі қаралған.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста