Түркістан облысында осы жылы 10 адам суға кетті, 6-ауы – бала
Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Өткен жылы өңірде 37 адамның суға бату фактісі тіркелген. Оның ішінде 27 бала бар. Ал, кейінгі 7 жылда 328 адам суға батып кеткен. Оның да жартысынан көбі – кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер.
Биыл жыл басынан бері облыста 10 қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Бұл жолы да 6 баланы су ағызып әкеткен.
«Күннің жылынуына байланысты тұрғындар су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс. Жас балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, өзен арналарына барғанда және табиғатқа демалысқа шыққанда балаларды қастарынан алысқа жібермегені дұрыс. Үйде де балалардың өзенге жақын жерде ойнамауын қадағалау керек», - дейді Түркістан облысы Төтенгше жағдайлар департамент азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Б. Құрмаш.
Айта кетейік, осыдан біршама уақыт алдын Түркістанда жоғалған 11 жасар қыздың мәйіті каналдан табылғанын жазған болатынбыз.