Түркістан облысында жуынды ішіп күнелткен жетімдер елдің жүрегін ауыртты

Түркістан облысында жуынды ішіп күнелткен жетімдер елдің жүрегін ауыртты

Түркістан облысында анасынан ерте айырылған балалар туған әкесі мен өгей шешесінен қорлық көріп отыр. Олардың нағашы әжесі немерелерінің қандай күн кешіп жүргенін "Пендеміз ғой" бағдарламасында ашып айтты деп жазады NUR.KZ.

Гүлбахор әжейдің айтуынша, оның қызы қатерлі ісік дертінен 2013 жылы қайтыс болған. Ол көзі тірісінде күйеуінен таяқ жеп, әбден азаптанған. Ауруханада жатқанында анасына "балаларымды Дәуренге бермеші, өзің қамқор болшы" деп аманаттаған.

"Қызым ауырып жатқанда оны үш баласымен бірге маған әкеліп тастады. Кішкентайы әлі бесікте жататын. Сол уақытта күйеу балам көрші әйелмен жүреді екен. Әйелінің қазасынан кейін бір жыл өтпей-ақ, екінші рет үйленіп алды. Сегіз ай өткен соң сот арқылы немерелерімді тартып алды", - дейді Гүлбахор Тоқташова.

Қазір Дәурен есімді азамат балаларын нағашы әжесімен кездестірмей қойған. Оларды сабап, аяқ-қолдарын байлап, қорапшаға салып қояды екен. Осындай жантүршігерлік жағдайға куә болған әйел немерелерін видеоға түсіріп, полицияға арызданады. Бірақ онысынан түк шықпай, тәртіп сақшылары керісінше, өзіне айыппұл төлетіп қояды.

"Балалар сарайдың алдындағы екі итке құйған тамақты ішіп жүр. Оларға ешкім тамақ бермейді. Жаз бойы ауылда ағылып жатқан қарбыз, қызанақ дегенді жеп көрмеген.

Құдағиым (Дәуреннің анасы) да қазіргі келінінің ісін көзімен көріп отыр. Екеуміз балаларды дәрігерге алып бардық. Полицияға қайта арыздандық. Кішкентайлардың алған жарақаттарына, денсаулығының нашарлап кеткеніне қарамастан, оларға 75 мың теңге айыппұл салып қойды. Одан басқа ешқандай шара қолданбай, істі жауып тастады", - дейді қария.
Енді Гүлбахор әжей немерелерін өз қамқорлығына алып, қатыгез ата-ананың тиісті жаза алуын қалайды. Осыған тиісті органдар назар аударып, балалардың бақытты өмір сүруіне қолдау көрсетуді сұрап отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста