Тұрмыс тауқыметін тартқан 17 жастағы жасөспірім жезөкшелікпен айналысқан
Ақтөбелік полицейлер биыл жасөспірімдер арасындағы жезөкшелікке қатысты бір деректі анықтады. Бұл жөнінде "Керек info" жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.
Оның айтуынша, 17 жастағы жас қыз әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан, жаман жолға түскен көрінеді.
Дегенмен полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында бірнеше жыл бойы жезөкшелікпен айналысып жүргендердің жоқтығын айтады. 2016 жылы мұндай дерек мүлдем тіркелмеген көрінеді.
"Жеңгейтайлықпен айналысқандар қатаң жазаланады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға тартқан адам Қылмыстық кодекстің 134 бабына сәйкес, заң алдында жауапқа тартылады. Яғни, мүлкі тәркіленіп, 3-5 жылға бас бостандығынан айрылады", - дейді Қаныбек Жақсығалиев.