"Уәдесінде тұрды." Мәжіліс депутаты 1-топтағы мүгедекке зәулім үй сыйлады

"Уәдесінде тұрды." Мәжіліс депутаты 1-топтағы мүгедекке зәулім үй сыйлады

Парламент Мәжілісінің депутаты Атырау облысында арбаға таңылған анаға үй сыйлады. Көлемі 150 шаршы метрлік зәулім үйдің ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жиһаз, тұрмыстық заттармен де толықтырған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталының тілшісі. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде мүмкіндігі шектелуі жандар да өңірдегі әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылардың жағдайын көтеру, баспанамен қамту туралы мәселені шешу жайында  Әділ Жұбановқа өтініш айтқан. Алайда күрделі проблеманың Үкіметтік деңгейде шешілуін күтпей ақ, депутат 1- топтағы мүгедекке Атырау қаласының орталығынан жер үй сатып алып берді.

Атыраулық Айгүл Қуанышқалиеваның арбаға таңылғанына он бес жылға жуықтаған. Пәтер кезегін 2014 жылдан бері күтсе де, әкімдіктен үй ала алмаған. Ақыры амалы таусылған тұрғын сайлау кезінде үміткерлерге жылжымайтын кезектің мәселесін шешу жайында өтініш айтқан.

«1-топтағы мүгедекпін. Жолдасым ғана жұмыс істейді. Жолдасыма осы Әділ Жұбанов бастаған үміткерлерге жағдайыңды айтып, сөйлесіп көрсеңші дегем. Ұялам деп бармады. Ақыры өзім хабарластым. Айып етпеңіздер. Өзіміз үй жалдап тұрамыз. Қаражат жетпейді. Бізге көмек керек. Ұят та болса, сіздерге жағдайымызды айттық. Оншақты жылдан бері үйдің кезегінде тұрмын. Жыл сайын облыс әкіміне барам. «Сізге көмектесе алмаймыз» деп алдап-сулап шығарып салады», – деді 1-топтағы мүгедек.
Айгүл Ханкерейқызы өздігінен жүріп-тұра алмайды. Ескі үйдің екінші қабатын жалдап тұрған. Ұлы мен келіні аналарын бағып, жұмысқа да шыға алмаған. Жерлестеріне берген уәдені орындау керек деп шешкен депутат кезек күтуден әбден шаршаған анаға қаланың ортасынан жер үй сатып беріп, тұрмысын жеңілдетпек болған.

«150 шаршы метрлік үй 2014 жылы салыныпты. 10 сотық жері бар, ауласында өмір сүруге ыңғайлы, барлығы қамтылған. Үйді іздеп таптық. Сайлау науқаны болып жатқанда, осы адамнан хабарлама келіп түсті. Үйдің кезегі бойынша облыстың әкімдігіне бара-бара әбден шаршаған екен. Кезегі жылжымай қойған. Күйеуі, ұлы-қызы, үш немересі, келінімен «Хрущевка» аталып кеткен ескі үйдің екінші қабатын жалдап тұрады екен. Барак үйдің екінші қабатынан түсіп-шыға алмайды. Барып, өз көзіммен көрдім. Жағамды ұстадым десем де болады. Өздігінен сыртқа да шыға алмайды. Жолдасы жүргізуші, табысы жетпейді. Бір ай іздеп, осы үйді таптық. Толықтай жөндеу жүргізіп, жаңаладық. Халыққа берген уәдемізді ұмытпау ғана емес, оны орындауымыз керек. Ел бізге үміт артып отыр», – деді ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов.

 

 

Депутат үйді медициналық мекемеге жақын жерден сатып алған. Атыраудың орталығында орналасқан үй толықтай қаланың коммуналдық қызмет жүйесіне  қосылған.

«Екі жатын бөлмесі, балалар бөлмесі, асханасы бар. Сыртта жаздық үйі тағы бар.  Суы, газы орталықтандырылған. Ауласы абаттандырылған. Қаланың қақ ортасында деуге болады. Қасында көпсалалы клиника бар. Бұл кісілер қатты қуанып жатыр. Бұл отбасына жер үй ыңғайлы болып тұр. Пандус жасап қойдық. Енді анасын қарап отырған баласы да  жұмысқа шыға алады. Әкімнің қабылдауына екі рет барған. «Иә, иә» деумен шығарып салған екен. Кеше депутат үйдің кілтін табыстады», – деді атыраулық Жаңабай  Орынбасарұлы.
Әділ Жұбанов бұған дейінде ауылдағы ұстазына баспана сыйлаған. Сонымен қатар қатар оқиғасы кезінде бұзақылар Алматыдағы жедел жәрдем көліктерін де қиратып тастағаны белгілі. Жағдайдың күрделі екенін көрген Әділ Жұбанов Алматыдағы орталық клиникалық ауруханаға жедел-жәрдем көлігін сыйға тартқан еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста