Ұлттық арна қыз абыройы туралы журналистік зерттеу жасады (видео)

Ұлттық арна қыз абыройы туралы журналистік зерттеу жасады (видео)

"Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Журналистік зерттеу" бағдарламасының сандарының бірін қазақ қыздарының абыройына арнады. Деректі фильм жанрында түсірілген зерттеу қысқа уақыт ішінде ғаламторда да таралып, көпшіліктің талқысына түсті. 

"Телегония - қыз абыройы туралы ғылым" тақырыбындағы журналистік зерттеуді журналист Нұрбек Бекбау жасаған.
Әлеуметтік желілерде бағдарламаның бұл саны көпшіліктің қолдауына ие болып, пайдаланушылар "Мұны әр қазақ көруі тиіс!" деген жазумен жариялап жатты. Тіпті, ғаламтор пайдаланушыларының біразы Ұлттық арнаның осындай тақырыпта қалам тербегеніне разылығын білдіріп жатты.

Белгілі журналист Ғалым Боқаш әлеуметтік желілердегі парақшасында аталған журналистік зерттеуге қатысты сын айтқан.

"Тек қазақ қыздарының "етектерінің ұзын-қысқалығын" аңдып, олардың "ар-ұятының деңгейін" тексерумен ғана күн кешетін "рухани гинекологтардың" шатпырақтары "журналистік зерттеу" деп атала бастаған ба?", - дейді 2000 жылдардың басында аталмыш арнада қызмет еткен журналист.

Телего́ния (грек тілінен τῆλε — "алыс" және γόνος — "туылу, шығу тегі", яғни "алыста туылған") — XIX ғасырда қолданылған, кейін теріске шығарылған және ескірген биологиялық тұжырымдама. Оған сәйкес ең алғашқы серігімен болған шағылысу ұрғашының келесілермен шағылысуда пайда болған ұрпағының тұқым қуалайтын белгілеріне айтарлықтай әсер етеді деп сенген. Заманауи ғылым бұл тұжырымдаманы жоққа шығарған. Себебі, бұл оның тәжірибелік тұрғыдан еш дәлелі жоқ әрі белгілі тұқым қуалаушылық механизмдерімен үйлеспейді.

Ал журналистік зерттеу барысында есімі жиі айтылған ғалым Пётр Гаряев "Толқынды геном" атты жалған ғылыми теорияны ойлап шығарушы болып есептеледі.

Ғылыми қоғам Гаряевтің еңбектерін мойындаған жоқ, себебі осы күнге дейін оның бірде бір идеясына тәжірибелік дәлел болмады. Ғылыми қоғам Гаряевтің тұжырымдарын жалған ғылыми әрі ақылға қонымсыз деп таныды.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста