Үшемдер мен егіздерді естен шығарып алдық па?

Үшемдер мен егіздерді естен шығарып алдық па?

Ортамызда ерекше адамдар бар. Егіздер, үшемдер, төртемдер… Бізге бәрі де қызық. Өйткені өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Әрине, егіздер жайы бізге онша таңсық емес. Ал бірден үш және төрт нәрестені өмірге алып келген аналарға еріксіз бас имеске амал жоқ. Оны жаратушы иеміздің құдіреті дейміз. Расында да дәл солай. Қашаннан бір қозы туса қуанышқа бөленетін қазақ емеспіз бе? Жарық дүние есігін ашқан әрбір шаранаға қуанамыз. «Әр баланың өз несібесі бар» деп шүкірлік ететін де біздің қазақ. Қуаныштысы, соңғы жылдарда елімізде егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді. Кезінде саны кеміп қалған ұлтымыздың санын арттыруда оның маңызы ерекше. Дегенмен осы тұрғыда бір сәт ойланып көрдік пе?
Айталық, елімізде егіздер саны қанша? Үшемдер санын да дөп басып айта алмай­мыз. Қысқасы, біз бұл мәселеге маңыз бе­ріп қарамаймыз. Ол туралы нақты деректер жоқ­тың қасы. Құзырлы мекемелер ол жа­йында нақты істерді қолға алуға құлықсыз. Бұл – шындық нәрсе. Осы жайында де­ректер іздеп көрдік. Қолға мардымды мә­лі­меттер іліне қойған жоқ. Жоқтан бар жа­са­ғандай болдық. Сосын жаһандық желі ар­қылы жұмыр жердегі егіздер мен үшем­дер мәселесіне үңілдік. Біраз бар екен. Ал қа­зақша мүлдем жоқ. Ұлан-байтақ далада бар-жоғы 16 млн халық тұратын Қазақстан үшін демография мәселесіне селсоқ қа­раған дұрыс емес.
Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жө­нінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен. Қуанып қалдық. Көш басында Аф­ри­ка құрлығындағы Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер ша­рындағы жұрттың төрттен бір бөлігін құ­рай­тын Қытай соңғы орындарды місе тұ­та­ды. Мәселен, онда 250 қытайға бір егіз­ден келеді. Ал бізде қалай екенін дерекпен ай­та алмаймыз. Өйткені қолда нақты дерек жоқ.
Өткен жылы Сыр бойында 20-ға жуық егіз бала дүниеге келген екен. Алдыңғы жылы одан көп болған. 2009 жылы об­лыста 54 егіз бала шаңырақтарға шат-ша­ды­ман шаттық сыйлаған. Айтпақшы, үшем­дер саны да артып келеді. Былтыр бес отбасында үшем өмірге келді. Одан бұ­рынғы жылдарда да осындай жөргек жуған ақ жаулықты жандар аз болған жоқ. Кейінгі кезеңде Сырдағы сырғалы жандар арасында дүмпу болып жатыр. Он жылдай бұрын облыста жылына бар-жоғы 10 мыңнан сәл асатын бала өмірге келетін. Қа­зір бұл көрсеткіш 20 мыңнан асып жы­ғылады. Сыр өңірі баланы өмірге әкелу жө­нінен Оңтүстік Қазақстан облысынан ке­йінгі орында тұр. Көршілес өңірде 2 млн адам бар екенін ескерсек, қызыл­ор­да­лық­та­рдың дүмпуіне «әп, бәрекелді» деуге бо­лады. Қызығы, үшемдер мен егіздер жө­нінен де Сыр бойы алдыңғы лекте тұр­ғанын аңғару қиынға соға қоймас.
Нұрбол ТӨРЕКЕЛДІҰЛЫ, дәрігер:
– Медицинада егіздер мен үшем­дерге ерекше қарайды. Бұл қасиет ұр­пақ­тан-ұрпаққа қан арқылы да жалғаса бе­реді. Ана құрсағында екі немесе одан да көп шарананың пайда болуы жөнінде дәрігерлер үнемі зерттеулер жүргізіп келеді. Әрине, оны ең алдымен жаратылыс заңы демеске болмайды.
Жер шарында егіздер Еуропа құрлы­ғын­да көп өмірге келеді екен. Кәріқұрлықта 1000 баланың сегізі егіз болады. Ал АҚШ-тағы қара нәсілділер арасында осындай шат­тыққа бөленіп жатқан отбасылар саны көп. Айта кетерлігі, өркениетті елдерде егіз жә­не үшемді өмірге алып келген отба­сы­лар­ға арнайы қамқорлық көрсетіліп жата­ды. Оларға арнайы күтушілер бөлінеді. Қар­жылай көмектер жасалады. Ал бізде ше?
Ақмарал НӘРІКБАЕВА, Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы:
– Қазақстанда егіздер мен үшем­дерге байланысты арнайы жәрдемақы түрлері жоқ. Оларға кәдімгі бала секілді жәрдемақы беріледі. Бір жолғы бе­рілетін көмек түрінде 1-3 балаға дейін 45­360 теңгеден төленеді. Одан кейінгі ша­раналарға 75600 теңгеден алады. Мә­селен, егіздер немесе үшемдердің бірі отбасындағы үшінші бала болса, ол 45360 теңге алса, одан кейінгілері 75600 теңгеден алады. Ал бір жасқа де­йінгі балаларға төленетін жәрдемақы бі­рінші балаға – 8000, екінші балаға – 9828, үшінші балаға 11340, төртінші ба­лаға 12852 теңге болып бел­гі­лен­ген.
Қа­зақы қалпымызбен бұл мәселеге сел­қос қарауға болмайды. Саны аз халық ре­тінде демография мәселесіне нақты на­зар аударғанымыз артық емес. Әсіресе жиі кездесе бермейтін егіздер мен үшемдерге көрсетілетін қамқорлық мәселесіне тағы да бір зер салсақ. Өйткені екі-үш бала тү­гі­лі, бір баланы да бағып-қағу қазір оңайға түс­пей тұрғандығы анық.

Аз-маз дерек
Бұрынғы Югославия мемлекетінде тұратын Снежана Груич, португал Идалина Сантуш бірден алты нәрестені өмірге алып келген. Қазақстанда төртем алып келген ана тіркелген. Дегенмен одан да көп шаранаға жарық дүние сыйлаған ақ жаулықты әзірге кездесе қойған жоқ екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста