Ванга Қазақстан және Кенесары туралы не деп еді?

Ванга Қазақстан және Кенесары туралы не деп еді?

Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық басылымдар Ақтаудың бұрынғы тұрғыны Евгений Черемушниковке әйгілі болгар көріпкелі Ванганың Қазақстанға қатысты айтқан болжамы туралы жарыса жазған еді. Евгений Черемушников 1988 жылы Ванганың қабылдауында болыпты. Ванга оған қандай болжамдар айтты? Әулиенің осы және басқа болжамдары туралы «Алаш айнасы» оқырмандарына айтып өтпекпіз.

— Бұл Ванганың даңқы Кеңес Одағында дүрілдеп тұрған кезі еді, — депті Черемушников журналистерге берген сұхбатында. — Шамамен дәл осы кезеңде оның «су үстінде тұрған, жас буынның қолымен тұрғызылған қаланың жер бетінен жойылып кететіндігі» туралы болжамы айтылған болатын. Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында тұратын біз мұны өз атымызға қабылдадық. Ал Петрич селосына мен жаз айында келдім. Вангаға кіру кезегі бір ай бұрын жасақталып қояды екен, дегенмен маған үш күннен соң-ақ кірудің сәті түсті. Ол маған: «Бара бер. Сенің туған қалаңа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — деді. Және мынаны қосты: «Сен бақытты елде тұрып жатырсың, онда бәрі де жақсы болады. Тек ертерек заманда өз елдерің үшін күрескен бір дауылпаз батырдың басын қайтарып алуларың керек. Сонда сендер гүлдей жайнап кетесіңдер». Мен Ванга Кенесарының басы туралы айтқанын кейін барып түсіндім.
Жиырмасыншы ғасырда болгарлық болжаушы, көріпкел Ванганың кереметіне ешкім де теңеле алмағаны анық. Сексен бес жас жасап өмірден өткен Ванганы он екі жасында кездейсоқ болған қатты құйын аспанға көтеріп кетеді де, қайта жерге тастайды. Дене жарақаты жазылғанымен екі көзінен бірдей айырылады. Содан кейін ауыр азапты күндерді басынан кешіріп, көріпкелдікпен қатар керемет болжампаздық қасиетке ие болады. Әрине, Ванга жөнінде көп жазылды. Ол туралы егжей-тегжейлі жазғандардың бірі - «Ғаламның жұмбақ сырлары» атты еңбек авторы Зиядан Қожалымов.
...1990 жылы мәскеулік бір орыс жігіті екі көзі көрмей қалған он үштегі қыз баласын Болгариядағы Вангаға апарады. Ванга зағип қызды қабылдап тұрып, оның әкесіне: "Сенің қызыңның екі көзі бір азиялық қыздан ашылады, аты "Лаза, Лазза или Луззат", – дейді. Ванга ойланып тұрып қайтадан: "Лаззат, звезда Востока. Оны жақында сенің орталық теледидарыңнан көрсетеді", – деп, еліне – Мәскеуге қайтарады.
Әлгі орыс жігіті Мәскеудің телебағдарламаларын ұдайы бақылаумен болады. Орталық телебағдарламадан алматылық халық емшісі, халықаралық бірнеше ұйымның мүшесі Ләззат Қожалымова жөніндегі хабарды 1991 жылдың 6 наурызында көреді. Мәскеудегі емшілердің ғылыми және практикалық байқауынан сүрінбей өткен Ләззаттың атын мәскеуліктер бүкіл одаққа таныстырды. Бұл хабардан соң көздерінің ақауы барлар Алматыға қарай бүкіл Одактың түкпір-түкпірінен Ләззатқа қаралуға келіп жатты. Емнен соң көп адам көз ауруынан жазылып, көзәйнектерін лақтырып тастап кетіп жатты.
«Әлі есімде, 1991 жылдың шілдесі. Мен маусым айында Мәскеуде емшілік оқуына барып бітіріп келген едім. Мәскеуден қызын жетектеп жасы қырықтар шамасындағы орыс жігіті келді. Ол Ванганың болжамымен келгенін, телеарнадан Ләззатты көргенін, кейін анықтай келе Алматыға жеткенін айтты. Оның қызы Ләззаттан он бір сеанс алды. Қыз көзі біртіндеп жақсарып келе жатқанын көз дәрігерлері анықтады. Ең ақырғы сеанстан соң кыздың екі көзі толық көрді деген дәрігерлер анықтамасын алған қыздың әкесінің өксіп жылаған қуанышты көз жасы, сегіз жыл өтсе де, әлі көз алдымда қалып қойды. Ванга ұлт таңдамайды. Оның қорғап және қолдап жүрген хабаршылары не айтса, соны айтты. Ол киелі шаңырақтың қызын айтты, иә, оның болжамы дәл еді» деп жазады жоғарыдағы кітап авторы.
Ванганың болжампаздығына өз еліндегі психоневрология саласының маманы, ғалым Георгий Лозанов зерттеу жүргізіп, әулиенің 1700 болжамын анықтаған. Және әлеуметтік зерттеу жүргізіп, 7000 болжамын анықтаған.
Профессор Лозановтың анықтауынша, Ванганың болжамдарының 70 пайыздан астамы шындықпен сәйкес келген. Вангаға барып болашағын болжатқандар да, елінің болашағын білгісі келгендер де аз болмады. Қазақстан да шет қалмады.
Сексен жастан аса о дүниеге аттанған болгариялық болжаушы марқұм Ванга көп адамдардың алғысына бөленген, ерекше болжаушы ретінде талайды таңырқатқан осындай жан еді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста