«Халалдың» қадірін қашырып алған жоқпыз ба?

«Халалдың» қадірін қашырып алған жоқпыз ба?

«Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйдының» керін келтіріп, соңғы кездері қоға­мымызда халал азық-түліктен бөлек, «халал монша», «халал бильярд», «халал стоматоло­гия», «халал такси», «халал сауна», тіпті «халал білім» тіркестерінің тұрмысымызға дендеп енуі «халал» ұғымына қатысты түсінбеушілікті одан бетер күрделендіре түскендей. Қоғамда дінге бет бұрушылар мен адал өнім тұтынғысы келетін тұтынушылардың арта түсуін өнім өндірушілер мен халыққа қазмет көрсетуші орындар өз мүд­десі­не тиімді пайдаланып, коммерциялық мүдделерін тықпалауға тыры­суда.
Тіпті өнімдерін жасырын цехтарда дайындаған заңсыз кәсіпорындар да өнімнің сыртына халал белгісін соғып, «аңқау елге – арамза молданың» керін келтірді. Сондықтан бұл мәселені мем­лекеттік тұрғыда реттеу қа­жеттігі сезілуде. Бұл – тұтас бір индустрия. Ендеше халал индустриясының дүниежүзілік желісінен қалыспай, жолға қойып, бізге де халал стандартын дамытатын кез келгендей.
Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім кө­рін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін тудырмау үшін халал өндірісі мемлекеттік тұрғыда бақылауға алынған. Осы орайда 10 миллионнан астам мұсылман өмір сү­ре­тін біздің мемлекетімізде де халал индустриясын зерттеп, сараптап отыратын арнайы дамыту орталықтарын ашатын кез келген секілді.
Халал стандарты бүгінде көптеген елдің табыс көзіне де айналған. Бір қызығы, олардың жартысынан көбі – мұсылман емес елдер. Мәселен, халал индустрия­сының үштік шыңында Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі мен Франция орналасқан. Сондай-ақ Австралия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Таиланд елдері де халал стандартын қолданып қана қоймай, экспортқа шығарып, елінің экономикасына қомақты қаржы құйып отыр. Бұл «халал» сөзінің діни мазмұнынан алыстап, адам тұтынатын кез келген заттың сапа кепіліне айналып отырғанының белгісі болса керек. Бүгінде әлем бойынша халал өндірістің жылдық табысы 1 трлн 300 млн долларға жеткен. Халал өнімдері 150-ге тарта елдегі 1,6 млрд мұсылманның тұтыну салтына айналған. Және халал өнімінің жақсы жар­намасының арқасында оларға тағы 6,6 млрд мұсылман емес тұтынушы қосыл­ған. Әлем бойынша тұтынушы көлемі күн өткен сайын артып бара жатқанын байқаған өндірісшілер олардың сұранысын қанағат­тандыру үшін әрі қалтаға да қомақты қара­жат түсіру үшін «халал» кәсіпорындарды жаң­бырдан соңғы саңырауқұлақтай қап­тат­қан. Бір ғана Қазақстанның өзінде он­дай кәсіпорындардың саны 500-ден асып жығылады екен. Бір өкініштісі, аталған өндірушілер арасында халалсымақ тағам өндіріп, халықты алдап жүргендер де жетіп-артылады. Халал атын жамылған ха­лық­қа қызмет көрсету орындарының әре­кеті тіпті адам күлерлік. Мәселен, Павлодар қаласында ашылған халал тіс емханасы науқастарды жынысына қарай бөліп қа­рай­тынына бола өздерін халал атандырған. Яғни ер адамды ер, ал әйел адамды әйел дәрігер емдейді. Бірақ ем-домның барлы­ғы әдеттегі стандарт бойынша жүргізіледі. Осы секілді еліміздегі халал индустриясы дұрыс жолға қойылмаса, халал қызмет көрсету саласы әлі де тосын жаңалықтары­мен таңдандыра беретін секілді. Мәселен, Астанада халал такси қызметі пайда болып, неге екені белгісіз, адал қызметтің аяқ алысы ұзаққа бармай-ақ, әдеттегі таксиге айналып кетіпті. Сондай-ақ тойда әзіл-қалжың орнына уағыз айтып, шариғаттан сыр шертетін халал асабалар да пайда болған. Соңғы бір жылда Алматыдай алып шаһарда 15-ке жуық сауна, 70-ке жуық халал дәмхана ашылған. Моншаның адалы бола ма деп қайран қалып жүргенде «жыртыл қазақтың» кері келіп, көлік жөн­деу орталығына да халал деп жазып қой­ғандар бар. Соның дәлелі Тастақ маңында алып «халал» орталық іске қосылыпты. Қазір халал сабын, далап, сабынсу сататын дүкендер де қаптап кетті. Барлығы өнім­дерді Малайзия, Мысырдан алып келеді. Бірақ бұл тауарлардың сапасына жауап бе­рер ешкім жоқ. Сыртындағы араб жазула­рына қарап, «халал» деп мәз болып, дү­кен­ді халал атандырып жүрміз.
Айта кетер жайт, шындығында, Құран­дағы харам аталған тағамдардың адам баласы үшін зияны ұшан-теңіз екендігі дәлелденген. Сондықтан түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін халал ас жеу­дің пайдасы орасан. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50 пайызы –тамақтанудан, 20 пайызы – қор­шаған ортаның әсері мен 20 пайызы – тұ­қым қуалайтын қасиеттерден, тек 10 па­йы­зы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұ­­мысына байланысты екен. Яғни «ауру – астан», екенін ескерсек, адал тағам тұты­ну­­­дың маңызы зор. Адамның биологиялық өмір сүру ұзақтығы шамамен 150 жылды құрайды. Доңыз етін тағамға пайдаланбай­тын Кавказ, Түркия, кейбір ислам мемле­кет­тері осы көрсеткішке жақындайды. Сондықтан еліміздегі халал өндірісін дұрыс жолға қоюдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Айтпақшы, Өзбекстан үкіметі биыл «халал» мөрін кез келген тауарға жабыс­ты­руға заңды тұрғыда тыйым салыпты. «Құ­жат­тық дәлелі болмағаннан кейін, «ха­лал» мөрі бар тауарлардың сапалылығына көз жеткізу мүмкін емес. Сондықтан халал өнімнің артықшылығын сезіне отырып, елімізде халал индустриясын дамытудың маңызы зор екенін түсініп, халал индус­трия­сын реттеп отыратын арнайы мекеме ашудың маңызы зор секілді. Осы орайда қоғамымызда соңғы кездері халал агент­тігін құру туралы мәселенің қозғалуы тегіннен-тегін болмаса керек.
Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы:
 – Елімізде тез арада халал агенттігін құру қажет. Өйткені соңғы кездері халал өнімдермен қоса, халал атын жамылған қызмет көрсету орындарының саны да күрт көбейіп кетті. Кез келген өнімге «халал» деген жазу жазып, кәсібін алаяқтықпен дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Ал мұндай сапасыз өнімдер халықтың халалға деген ықыласын төмендетуге себеп болуда. Сондықтан халықтың халалға деген ықыласын төмендет­пеу­дің амалдарын жасау керек. Мәселен, тек Астана қаласының өзінде халал стандартына сай келмесе де, халал атын жамылған бес-алты мейрамхана мен дәмхана бар. Ал Қазақстан бо­йынша олардың саны әлдеқайда көп. Тіпті олардың нақты санының қанша екенін өзіміз де есептей алмаймыз. Егер агенттік жұмысы іске қосылса, халал индустриясы реттелер еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста