"Хаменова ісі". Ескерткіш айналасындағы дауға байланысты тың дерек шықты

"Хаменова ісі". Ескерткіш айналасындағы дауға байланысты тың дерек шықты

Бүгін Атырауда 145 миллион теңгелік ескерткіш салтанатты түрде ашылуы керек. Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі бұған дейін осылай деп хабарлаған деп жазады qamshy.kz тілшісі.

 

Бюджет қаржысының жұмсалуы туралы жазатын Рrotenge жобасы ескерткіш айналасындағы дауға қатысты тың дерек жариялады.

 

Жоба мәліметінше, осыдан екі жыл бұрын тура осындай ескерткіш Павлодарда тұрғызылған. Ескерткішті Атыраудағы даулы істе аты аталған мердігер –  "Балқыту" ЖШС жасаған. Алайда ол жолы жоба құны шамамен үш есе арзанға –  55 миллион теңгеге бағаланған. Ал Атырауда ашылатын ескерткіш сметасы 145 миллион теңгеге тең.

 

Қоладан жасалған ескерткіштің биіктігі – 11 метр (тұғыры– 5,75 метр), салмағы – 5 тонна.

 

10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

 

Хаменова 12 желтоқсанда үйқамаққа жіберіліп, алайда 22 желтоқсанда тергеу изоляторына екі айға қамалған.

 

Егер Б.Хаменованың қылмысы дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Экс-шенеунік Хаменова мәнсап жолында бірден өрлеп, қарапайым колледж директорынан депутат болып кеткенін Нұрсұлтан Назарбаевты мақтаған әрекетімен байланыстыратындар көп. Ол 2016 жылы 30 қаңтарда Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры болып тұрған кезде "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХVII съезінде елбасыға алғыс айтып, өлең оқыған.

 

"Көкжиектен арғы жақты көретін,

 

Ел-жұртына шексіз қуат беретін.

 

Соқсадағы замананың дауылы,

 

Барша халқы тек соңынан еретін.

 

Елбасындай ерен тұлға тұрғанда,

 

Мен елімнің ертеңіне сенемін" деген шумақтардан кейін ұзамай 24 наурызда Хаменова мәжіліс депутаты атанады.

 

Ал 2020 жылғы 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазамына тағайындалған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста