«Хиджаб ки деп тұрған жоқпыз»: жезөкше ролигінің авторы ақталып әлек
Тапсырысты тендер ойнатып, әкімдіктің бергені рас па? Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады. Алайда жауапты басқарма басшысы бұл түсірілімге бір тиын да берілмеді дейді.
Қоғамдағы кез-келген келеңсіздікті ашық айтып, қаз-қалпында жеткізбейінше онымен күресу қиын дейді. Бюджеттен алты миллион алып, қыздардың арына тиетін дүниені кім түсірді? Тапсырысты тендер ойнатып, әкімдіктің бергені рас па? Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады. Алайда жауапты басқарма басшысы бұл түсірілімге бір тиын да берілмеді дейді. Кімге сенеміз?
Қоғамның ойын қақ жарған бейнеролик осы. Бас аяғы 5 минут. Оқиға желісі бойынша, көшеде қысқа киінген қыз такси ұстап тұрады. Қасына қымбат көлік кеп тоқтап, бұрымды отыра кетеді. Төсек десе өсек көп. Ғаламтор беттері у-шу. Пікірлер қыздар мен жігіттер боп екіге бөлінді. Даттағандар да, жақтағандар да жетеді. Роликтегі ер адам рөліндегі актер тәрбие беремін деп отырып, өзінің де етекке көзі түскенін байқамай қалды, ол да күнә, өз нәпсінін тыя алмаған адам өзгеге ақыл айтып, өзгені жөндемекші болады.
Көз сүрінген пікір иелерімен атышулы роликтің авторы Серік Талас сөз таласпаймын дейді. Өйткені әркімнің өзі пікірі бар.