Зайсандағы «Үйдене» су қоймасы апатты жағдайда тұр

Зайсандағы «Үйдене» су қоймасы апатты жағдайда тұр

76 миллион текше метр су сыятын нысандағы үш шлюздің екеуі істен шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қазір біреуі ғана жұмыс істейді. Егер ол да бұзылса, аудандағы 10 мың гектардан астам егіс алқабы мен етектегі 6 ауыл сусыз қалуы мүмкін. Одан бөлек, Зайсан қаласындағы саябақтар мен екі шағын ауданға су бармай қалады.

 

Салынғанына 57 жыл болған бұл бөгетке 76 миллион текше метр су сыяады. Ал анау менің ту сыртымыда тұрған екі шлюзді ашқанда оның тек біреуінен ғана секундына 12 текше метр су ағады. Яғни Зайсан ауданының малы мен жаны осы су бөгетінен тіршілік нәрін алып отыр.

 

Екі таудың ортасындағы құз жартасты көлбеп салған нысанның құрылымы да ерекше.

 

«Үйдене» су қоймасы қар мен жауын және тау бұлақтарынан толығады. Бұрын қара күзден бастап су жиналып, көктемде шектік кемеріне жететін. Ал соңғы жылдары ең төменгі деңгейде жинайды. 340 метр құбыр тартылған туннел жарылып тұр. Негізгі су реттегіш үш шлюздің екеуінде ақау бар. Былтырдан бері тек бір шлюз ғана істеп тұр.

 

Бақытжан Наққазин, «Үйдене» су қоймасының директоры:

 

- Біреуі істен шықса, туннел толып үлгермейді. Өйткені 57-жылдық су өлшеу журналында жазылған судың мөлшері 45 миллион текше метрден аспайды.

 

45 миллион текше метрден аспаса да, бұл су мөлшері бүгінгі қажеттілікке толық жетеді. Қазір аудандағы шаруалар 10 200 гектар егіндік алқапқа суды осы «Үйденеден» алады.

 

Сабыр Мұсабекұлы, Зайсан ауданы кәсіпкерлік және ауылшаруашлығы бөлімінің басшысы:

 

- Зайсан қаласында Сауыр және Маңғыстау мөлтек аудандары үш мың үйге дейін су беріледі. Саябақтарға беріледі. Қарабұлақ, Кеңсай. Бақасу, Жарсу ауылдарына су беріледі. Сондықтан осы су қоймасын үнемі назарда ұстап, тіисті мекемелер тарапынан қаржы бөліп, жөндеу жұмысын жүргізіп отыру керек.

 

Жөндеу жұмысын жүргізу үшін 2019 жылғы есеп бойынша 851 миллион теңге қажет. Нысан директорының айтуынша, шаруаларға су сатқаннан түскен қаржы жұмысшылардың еңбекақысы мен басқа шығындардан аспайды. Үш шлюз диаметері бір жарым метер болатын үш құбыр арқылы су реттеледі. Су қоймасын кезінде ресейлік инженер-конструкторлар жобалап салған. Шлюздердің құрылымы да ерекше. Бірақ қазір әбден тозған.

 

Дәулет Жанысов, «Қазсушар» РМК ШҚОФ директорының орынбасары:

 

- 2016 жылдан бері апаттық жағдайда деп белгіленген. Содан жұмыстар басталған. Бірақ 2019 жылы сомасы үлкейген соң тоқтап тұр.

 

Тоқтап тұрған жөндеу жұмысы қашан қаржы бөлініп, қайта жалғасатынын ешкім нақты айта алмайды. Ал облыста «Қазсушар» мекемесінің қарамағында 116 нысан болса, олардың 90 проценті ескірген. «Үйдене» сияқты үш су қоймасы тағы үрей тудырып тұр.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста