Жалғызбасты аналарға қандай төлемдер қарастырылған
Жалғызбасты аналар балалар санына қарамастан, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Егер жалғызбасты ананың жеті жасқа толмаған бір баласы болған жағдайда да, оған толық көлемде субсидия төленуі тиіс. Нұрфин редакциясы осы мәселені толығырақ зерттеп көрді.
Күнкөріс деңгейі төмен азаматтар мен отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылары бар. Бұл санатқа жалғызбасты аналар да кіреді.
Атап айтқанда, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңның 2 бабы, 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға күтім жасап жүрген аз қамтылған отбасыларға ақшалай көмек берілуі тиіс.
Атаулы әлеуметтік көмек ай сайын төленеді, ал оның көлемі әр тоқсанда бір рет белгіленеді. Жәрдемақы сомасы отбасының табысына және кедейлік шегіне байланысты. Соңғысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды.
Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш еліміздің әр өңірінде шамалы өзгешеленуі мүмкін.
Тиісті төлемдерді есептеу үшін кедейлік шегін белгілейтін сомадан соңғы тоқсандағы отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табысты алып тастау қажет. Біз қарастырып отырған жағдайда, ана мен оның балаларының табысын шегеру қажет. Шыққан соманы отбасы мүшелерінің санына көбейту керек.
Мысалы, Қазақстанда 2020 жылға белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгені құрайды. Оның 70 пайызы – 21 829 теңге. Мәселен, екі баласы бар жалғызбасты ананың ешқандай табысы жоқ делік. Құжаттарды рәсімдеп, табысы жоқ екенін растағаннан кейін аталған отбасыға ай сайын 65 485 теңге төленуі тиіс.
Егер құрамында үш адамы бар отбасының айлық табысы 40 000 теңгені құраса, жанұяның әр мүшесіне шаққанда 13 334 теңге болады. 21 829-дан 13 334-ті алып тастасақ, атаулы әлеуметтік көмек әр адамға 8 495 теңге немесе бүкіл отбасына 25 485 теңгені құрайды.
*Бұл мысалдар үлгі ретінде көрсетілген және есептер әр жағдайда әртүрлі болады.
Егер отбасында үш жасқа дейінгі бала болып, анасы жұмыс істемесе, төмендегілер табыс ретінде есептеледі:
* Алименттер.
* Бір жасқа толғанша бала күтімене берілетін ай сайынғы төлемдер.
* Көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы.
* Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін табыс.
* Мұрагерлік мүлік.
* Мүлікті сату.
* Үй жанындағы шаруашылық табысы.
* Несие рәсімдеу.
* Және бақа да табыстар.
Атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде келесі төлемдер ескерілмейді:
* Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы.
* Мүгедек-балаларға берілетін жәрдемақы.
* Жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы.
* "Батыр аналарға" берілуі тиіс түрлі жәрдемақылар.
* Стипендиялар.
* Ақшалай көмек, біржолғы төлемдер мен қайырымдылықтың басқа да түрлері.
* Егер кәмелетке толмаған үш жастан үлкен немесе 23 жастан төмен студент баланың анасы болса, ол әйелдің жалақысы да есепке алынады.
Егер кіші баласы үш жастан үлкен жалғызбасты ана жұмыссыз болса, Жұмыспен қамту орталығы оны жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдайды. Егер ол өзіне ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады.
Сонымен қатар, табыс жөнінде жалған ақпарат ұсынылғанда және басқа да міндеттемелер орындалмаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылып, немесе берілген ақшаны қайтаруға талап қойылуы мүмкін.
Атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет.