Жаңа жыл күнгі ырым-тыйымдар
Келер жылдан әркім жақсылық күтіп, тілек тілейді. Әрі оның орындаларына сенеді. Сонымен қатар халық арасындағы наным бойынша бірнеше ырым-тиымдар бар екен. Мысалы келер жылы тауық жылы болғандықтан, тауық етін дастарқанға қоймау керек дейді. Өйткені тауық сізге ренжіп қалуы мүмкін. Осымен қатар тағы не қандай дүниелерге тиым салынатынын төменнен оқыңыздар.
*Жаңа жылды қарызбен немесе ақшасыз қарсы алуға болмайды.
*Жаңа жыл жақындағанда және жаңа жыл басталған уақытта еңбектенуге болмайды. (Кір, ыдыс жумаған дұрыс)
*Жаңа жыл түнінде қоқыс төкпеңіз.
*Тазаланбаған үйде жаңа жыл тойламайды.
*Ол күні түйме қадауға болмайды екен.
*31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні аяқ киім сатып алуға немесе жөндетуге болмайды.
*Ұрсуға, ренжісуге болмайды.
*Жаңа жылды жалғыз қарсы алмайды.
*Жаңа жыл күні үстелдің үсті бос болмасын.
*Тамақ тайындау кезінде саусағыңызды жарақаттап алмауға тырысыңыз!
*Ыдыс-аяқты сындырып алмау керек.
*Ештеңе лақтыруға болмайды.
*Түйреуіш қадамағыныңыз дұрыс.
*Ол күні шаш қидыруға, тырнақ алуға болмайды.
*Жаңа жыл түнінде шашыңызды жумаңыз.
*Жаңа жылды ескі киіммен қарсы алмаған абзал.
*Қара түсті киім кимеген жөн.
*Мерекеге орай кітап сыйламаңыздар.
*Үстелдің басында айқайлап ән айтпаңыздар.
*Тілеген тілектеріңізді ешкімге айтпағаныңыз жөн.
*Жаңа жылды тойлап болған соң, шыршаны бірден жинап тастамаңыздар.
*Өткен жылға өкінуге болмайды.
*Жақындарыңызды сүйіп сәлемдесіңіз.
*Жылауға және қайғыруға болмайды.