Жаңаөзенде баланы ит талап, тұрғындар наразылыққа шықты

Жаңаөзенде баланы ит талап, тұрғындар наразылыққа шықты

Жаңаөзен қаласында төрт жасар баланы ит талап тастады. Бұралқылар балақайдың бет-аузын жарақаттаған. Қазір кішкентай науқас дәрігерлердің бақылауында. Осы жағдайдан кейін Жаңаөзен тұрғындары жаппай наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Плакат ұстап әкімдік алдына жиналған халық қаңғыбас иттердің көзін жоюды талап етуде.

 

Соңғы бір аптада мақұлықтар үш-төрт адамды жарақаттаған. Ал атқамінелер ит-мысықты ату заңға қайшы дейді. Тек тұрғындардан шағым түскенде аулай аламыз деп, қол қусырып отыр.

 

Жаңаөзенде төрт жасар бүлдіршінді ит талап тастады. Рахат ауылының тұрғыны Хамза Ибрахим қазір облыстық ауруханада жатыр. Бұралқылар оның бетін жарақаттап, денесіне азу тіс батырған. Қазір балақайдың жырылған жерлері тігіліп, жағдайы орташа дейді дәрігерлер.

 

Манасбай Иниятов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының дәрігері:

 

- Баланың жағдайы жарақатына байланысты орташа ауыр. Оң жақ көз айналысында, оң жақ бет ауыз айналысында тігілген жаралары бар. Алғашқы көмек Жаңаөзен қаласында көрсетілген. Негізгі емдеуі сметавакцина салынып, сосын бет, қол, аяқ саусақтары жарақаттанған кезде, ит тістеген сәтте иммуноглобулин салынады.

 

Итке таланған бала ауруханада әлі бір апта жатады. Одан кейін амбулаторлық емдеуге жіберіледі дейді дәрігерлер. Қаңғыбастардан жұқпалы дерт жұқпас үшін бір ай бойы арнайы дәрі қабылдауы тиіс.

 

Осыған дейін Жаңаөзенде тағы бір ересек азаматты көшеде ит талап, басын тістелеп тастаған. Қазір ол да ауруханада ем-дом қабылдауда.

 

Осындай жағдайлардың жиілеуіне қала тұрғындары қатты алаңдап отыр. Олар тіпті бұралқылардың көзін құртуды талап етіп әкімдік алдына жиналды. Себебі жиналғандар көшеде жалғыз жүруден қорқып қалдық дейді. Тіпті соңғы уақытта иттен қорғану үшін сойыл ұстап жүретін болған.

 

Амангүл Жұмағазиева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

 

- Балаларды талау басталды деп айтуға болады. Қой баққан қойшыдай қалада жүргендер қолына таяқ ұстап жүр. Қалада ерсі көрініс. Балалар өз ауласы түгілі, көшеде жүруді, одан қалды мектепке барудан қалып отыр. Ит атуға болмайды деген заңды шығарып отырған үлкен басшылар, біз, Жаңаөзен халқы, еріктілері бар, жай халқы бар, өзіміз қолымызға мылтық алып, ит атуға шығамыз!

 

Жаңаөзендіктер «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның күшін жоюды талап етуде. Өйткені соның кесірінен қалада қаңғыбас иттер қаптап кеткен. Соның салдарынан ата-аналар баламызды мектепке жалғыз жіберуге қорқамыз дейді.

 

Орынбай Бейсенбайұлы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

 

- Бір балам балабақшада, бір балам мектепте. Таңертең алып бара жатырғанда балалар машинама сыйса, сыймаса, жаяу бара жатқанда артымнан сам ереді. Ит бар дейді көшеде. Иттен өткізіп жібер дейді. Ал мына суреттті көріп тұрып, үкіметтегілер әрекет жасамаса, жүректері тас екен. Мына суретті көріп, мен келіп тұрмын. Ит деген, Құдай сақтасын, көшеде өте көп.

 

Былтыр Жаңаөзенде 210 адамды ит талаған. Ал жыл басынан бері 64 тұрғынды бұралқылар қапқан. Соған қарамастан, әкімдік өкілдері қаңғыбастарды атуға құқымыз жоқ деп қол қусырып отыр.

 

Расул Әбішев, Жаңаөзен кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

 

- 2022 жылдың қортындысы бойынша 1115 ит ауланған болса, бүгінде 1181 ит ауладық. Бұл шараның барлығы жануаралрға жауапкершілікпен қарау туралы заңға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Яғни, адамның қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда ғана тұрғындардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Панажай мәселесі бойынша 2022 жылы Жаңаөзен қаласының кәсіпкеріне бір гектар жер бөлдік.

 

Жаңаөзен әкімдігі иттерге панажай салу мәселесін енді ғана қолға алған. Жабайы ит-мысыққа арналған орынның құрылысы енді басталады. Оны кәсіпкер өз қаржысына салады. Нысан жыл аяғына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Оған дейін көше кезген қаңғыбас иттерді оқшаулайтын жер жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста