Жаңаөзендегі жарылыс: Жәбірленушінің қызы биліктен көмек сұрады (видео)
Жаңаөзендегі Рахат-2 ықшам ауданындағы жеке үй жарылысынан жәбірленген тұрғынның қызы жергілікті шенеуніктерге болған жағдайдың өз нұсқасын ұсынды. Бойжеткен түсірген видео WhatsApp арқылы таралуда деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жақындары жәбірленген бойжеткеннің айтуынша, төтенше жағдайға үйге қосылған құбырлардан газ шығуы себеп болған. Алайда, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақталмаған деп қазір қыздың отбасына айып тағылып отыр екен. Бойжеткен жарылыстың пештің ішінде болмағанын алға тартып отыр.
Сонымен қатар Жаңаөзеннің тұрғыны видеода мемлекеттік органдардан ешқандай көмек көрсетілмегенін хабарлады.
Қыздың сөзінше, оның анасы мен бауыры әлі де жан сақтау бөлімінде жатыр екен. Олардың жағдайы мүшкіл екен.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Жаңаөзенде үй жарылғанын жазған болатынбыз. Табиғи газдың шығуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан аумағы 204 шаршы метр үй қираған болатын.