Жақып Асанов «Кублей ісіне» қатысты пікір білдірді

Жақып Асанов «Кублей ісіне» қатысты пікір білдірді

Жоғары сот төрағасы қызметінен босап, бүгін ғана Сенат төрағасының орынбасарлығына келген Жақып Асанов Батыс Қазақстандағы Кублей зауытының ісі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Кублей зауытының құқығын қорғаған заңгер Бақытжан Базарбек Жоғары сот төрағасы болып тұрған Жақып Асановты бірнеше рет сынап, істің оңды шешілуіне соның кедергі келтіргенін айтқан еді. Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Асановтан осы іс бойынша пікірін сұрады.

 

«Бұл іс бойынша айта аламын. Жоғары сот болған кезімде бұл іс бойынша мен ұсыныс енгіздім» деген Асанов журналистерге жағдайды былай түсіндіреді.

 

«Мен сіздерге өте оңай тілмен түсіндірейін. Сіз құрылыс компаниясы болсаңыз, жаныңдағы екі адамның бірі әкімдік, ал үшінші адам зауыт болдыңыз делік. Үшеуіңіз дауласып жатырсыздар. Орал қалалық соты мен облыстық сот зауыт мүддесіне қарай істі шешеді. Алайда даудың бәрі неден шықты? Жер және жерде тұрған үйлер. Төрт үй. Әр үйде 100 пәтерден бар. Оның біреуі пайдалануға берілген. Екінші жүз үй біткен, бірақ әлі берілмеген. Екі үй салыну барысында. Ал үшеуін сот қарағанда тұрғындарды қатыстырмаған. Ал бұл – өрескел құқықбүзушылық», - дейді ол.

 

Асанов осы ретте істі қайта қарап, төрт тарапты сотқа қатыстыруды ұсынғанын айтады.

 

«Тұрғындар сот процесіне өз ойын айтуға мүмкіндігіне ие болмаған. Орал қалалық және БҚО облыстық сотының қателігі де осында. Бұл қателік. Мен ұсыным енгіздім де, үш судья онымен келісті. Істі қайта қарауға жіберді. Бұл жерде маман болудың қажеті жоқ. Үшеуіміз сіздің мүлкіңіз үшін дауласып жатырмыз делік. Ал сізді қатыстырмасақ не болады? Сіз айтасыз ғой, бұл менікі деп. Мен кетіп қалғаннан кейін судья тұрғындардың пайдасына шешті. Ал менің жеке пікірім (ол кезде айтуға құқығым жоқ болатын – Асанов) екі нәрсе жасадық. Біріншіден, істі қайта қарауға жібердік. Екіншіден, дауда біздің ойымызша, қалалық әкімдік пен құрылыс компаниясының ісінде қылмыстың әрекет белгілері бар деп, істі Бас прокуратураға жібердік. Сот қудалай алмайды. Екі рет жіберілді. Облыстық сот бір, Жоғарғы сот екінші рет жіберді. Олар түсінбей «Асанов әкімдік пен құрылыс компаниясының мүддесімен кетті» дейді. Сондықтан, бұл істің мәнін құқық қорғау органдарынан сұрау керек. Ал ертең не болатынын мен білмеймін. Бұл іс маған дейін жетті. Сол үшін мен білем. Қалған істер бойынша комментарий беруге құқылы емеспін», - деді ол.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста