Жарыста топ жарған аттың ерекше жабуы жұртты таң-тамаша еткен (видео)
Британдық шабандоз Челтнемдегі дәстүрлі бәйгенің алдында сәйгүлігіне костюм-шалбар мен қалпақ кигізіп алып шыққан. Бұған дейінгі бірнеше жарыста топ жарған аттың ерекше жабуы жұртты таң-тамаша еткен.
Галстук таққан Морстед есімді айғырға костюм-шалбар тігу үшін 18 метр твид матасы жұмсалған. Яғни, бір адамға шақтап тігілетін киім материалынан 10 есе артық. Тігін жұмыстарын бір ай бойы жүргізген дизайнерлер матаны өлшеп кесу кезінде жылқы үрікпей, өзін жақсы ұстағанын айтады. Ал Морстедті елдің алдында 20 рет Ұлыбританияның үздік шабандоз жокейі атанған Тони Маккой жетектеп жүрді.
31.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу