«Жасыл» экономика ірі қалаларды ластанудан құтқарады

«Жасыл» экономика ірі қалаларды ластанудан құтқарады

Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы Қазақстан экономикасын халықтың әл-ауқатын жақсарта отырып, қоршаған ортаға барынша зиян келтірмейтіндей бағытта дамытуға негіз болып отыр. Әсіресе бұл қазіргі таңда Алматы секілді ірі қалалар үшін аса маңызды. Өйткені еліміздегі халық тығыз орналасқан үлкен қалалардың экологиялық жағдайы аса мәз емес.


Жалпы кез келген елдегі ірі мегаполистерде ауаның ластануы, климааттың өзгеруі секілді мәселелер бар. Осы мәселені шешу үшін көп жағдайда әлем елдері бір-бірінен озық тәжірибелерді алады.
Бүгінде дүние жүзінің дамыған елдері бетбұрыс жасай бастаған «жасыл» экономика еліміздегі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Өскемен т.б қалалардың болашағы үшін аса маңызды. Өйткені «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес бұл дегеніміз &ndash су ресурстарын үнемді пайдалану, ауыл шаруашылығын дамыту, өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, көлік саласында энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, ауаның ластануын азайту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың қатары артқан.
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылау бойынша жұмыс жүргізілді, қыркүйектен бастап бұл жұмыс жалғасын таппақ. Оның айтуынша, Кодекс қоғам мен ірі бизнестің қызығушылығын тудырып отыр.
"Бүгінде ең өткір экологиялық проблемалардың бірі атмосфералық ауа сапасы болып қала береді. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облыстарында зиянды қалдықтардың, ауаны ластайтын газдар көлемінің ұлғайғаны байқалады. Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша Ақтөбе, Атырау, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде",-деді Ахметжан Пірімқұлов.
Ірі қалалардағы экологиялық жағдайды жақсартып, ауаны ластамау үшін, қоршаған ортаны сақтау үшін қандай әрекеттер жасауымыз керек? Әрине, нақты әрекеттерге көшкен абзал. Айталық, Алматы қаласын өркендетудегі басты мақсаттардың бірі &ndash таза қоршаған орта, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін табиғи ресурстардың сақталуы, бұл &ndash «жасыл» экономиканың басты талабы.
Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Азамат Қалдыбековтың айтуынша осы мақсатта соңғы жылдары біршама шаруалар атқарылған.
&ndash 2018 жылдан бері қалада мыңдаған ағаштар мен бұталар отырғызылды. 80-90 мың шаршы метрге гүлдер егілді. Жасыл желектерді күту мен қорғаудың жаңа ережелері бекітілді, ережеге сәйкес бір кесілген ағаштың орнына 5 ағашқа дейін отырғызу міндеттеледі, бұрын бұл норма 3 ағаш болатын. көзделген, Осы қолданылған шаралардың арқасында кесілген ағаштардың өтемі үшін отырғызылған ағаштардың саны 25 пайызға өскен, яғни 10 мыңнан астам түп ағаш отырғызылды. Жыл сайын қалада 3 мың түп ағаш егіледі. Алдағы 5 жылда көлемі 140 шаршы метр жерді жасыл желек, гүл алаңына айналдыру жоспарланған. Жылдан жылға қалада отырғызылатын өсімдік түрлері де, жасылға орнаған алаң ад көбеюде. Сондай-ақ жылыжайлардың көлемі де 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайған. Қаладағы өзендер мен арықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаладағы қоқысты азайту мақсатында бүгінде қағаз, әйнек және алюминий қалдықтарын қабылдайтын 24 пунк орнатылған, пластик қалдықтар үшін 262 тор контейнерлер, электронды және электротехникалық қалдықтар үшін арнайы 100 контейнер қойылды.
Алматы ұзақ жылдар бойы ауасы ластанған қалалар қатарына жатқызылып келеді. Сондықтан қазіргі таңда жылу электр орталықтарын газға ауыстыру қажеттігі туып отыр. Сондай-ақ жеке тұрғын үйлерді жаппай газдандыру қажет.
Бұдан бөлек, экологияны жақсарту үшін елеулі көлік реформасы жүргізілуде, қоғамдық көлік және оның инфрақұрылымы дамуда, әкімдік жеке көліктің балама түрлерін қолдайды: метро, велосипедтер мен самокаттарды жалға беру, каршеринг және т.б. электр жанармай құю станцияларын дамыту есебінен, олардың 30-ға жуығы электр қоғамдық көлігін дамытуға ынталандырылады.
Жеке секторды газға көшіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, өндірістік нысандар қала сыртына шығарылады. Қаланың дұрыс желдетілуі мақсатында құрылысқа рұқсат алу үшін қаланың 3D-картасында аэрацияны модельдеу енгізілді, Әл-Фараби даңғылынан жоғары 3 қабаттан астам ғимарат салуға тыйым салынды. Жасыл желектердің, саябақ және жаяу аймақтардың ауданы ұлғаюда. Жаяу жүргіншілерге "жайлы қала" тұжырымдамасы бойынша жағдай жасалуда.
Алматы қаласының бақ және гүл қала келбетін сақтау мақсатында Алматы Жасыл экономика басқармасы қаланы көгалдандыру бойынша МЖӘ жобасы шеңберінде алты компаниямен 2019-2023 жылдарға арналған шарттар жасады: "Грин Ланд" ЖШС, "Stamp Service" ЖШС, "Магнолия Дистард" ЖШС, "Фирма ЛЭУ" ЖШС, Қазақ саңыраулар қоғамы және "Флора Дизайн Сервис"ЖШС.
Қала үздіксіз гүлдену үшін ерте шығатын гүлдерді жазғы гүлдерге ауыстыру дер кезінде жүзеге асырылуы керек. Ерте көктемде гүлдейтін қызғалдақтар күзде отырғызылады, сәуір-мамыр айларында гүлденгеннен кейін олардың орнына жазғы гүлдер отырғызылады. Сонымен қатар, соңғы жылдары көпжылдық гүлдер мен сәндік бұталар көбірек отырғызылуда. Гүлзарларды безендіру кезінде ұлттық бояуды көрсету үшін кілемге ұқсас жасыл желектер қолданылады. Олар Алматының келбеті десек болғандай.
Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста